Жаңалықтар
«Заң мен тәртіп: Әділеттіліктің негізі» тақырыбында кездесу өткізілді
"Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасында «Заң мен тәртіп: Әділеттіліктің негізі» тақырыбы бойынша Ашық есік күніне арналған іс-шара ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өткізілді.
Мақсаты: Студенттер мен қонақтарға құқық пен тәртіптің қоғамдағы маңызын түсіндіру, әділеттіліктің негізгі қағидаларын көрсету, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастардың заңға деген құрметін арттыру.
Бағыты: Іс-шара барысында құқықтық тәртіп және әділеттілік негіздері туралы мазмұнды қысқаша лекция оқылып, қатысушыларға заңның қоғамдағы орны мен рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметінің таныстырылымы ұсынылып, олардың күнделікті қызметі мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы айтылды. Студенттердің белсенді қатысуымен ашық пікірталас болды.
Күні мен орны: 17.03.2026 ж. сағат 13:00-де, 121 бас ғимаратында өтті.
Қатысушылар: ЖТ-25-9к, ЖТ-25-7к топтары, кафедраның аға тәлімгері Садырбаева И.Р., топ тәлімгерлері Көбеева Ж.Қ., Мұхтарова Г.Қ., оқытушылар құрамы және арнайы шақырылған қонақтар.
Іс-шара нәтижесінде қатысушылар құқық пен тәртіптің қоғамдағы рөлін терең түсініп, әділеттілік қағидаларын практикалық мысалдар арқылы меңгерді. Студенттердің құқықтық сауаттылығы артып, заңға құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілік сезімі нығайды деп сенеміз.



powered by social2s



