ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ДИАЛОГ: БІЛІМ МЕН ТӘЖІРИБЕ САБАҚТАСТЫҒЫ


2026 жылдың 26 қазан айында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу  университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Бельгияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Гент университетінің PhD, аға профессоры Абдул Муазен қатысуымен ғылыми семинар ұйымдастырылды.

Дәріс барысында Бельгияның Гент университетінің PhD, аға профессоры Абдул Муазен Еуроодақ аумағындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне тоқталды. Ол өз баяндамасында ауа, топырақ, су, өсімдіктер әлемі мен мал жайылымдарының экологиялық тазалығынан бастап, шикізатты терең өңдеу мен сапалы дайын өнім өндіруге дейінгі толық тізбекті жан-жақты саралап берді.Кездесу еркін әрі ашық пікірталас алаңында өтіп, магистранттар мен оқытушылар сауалдарын қойып, халықаралық тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік алды.

Дәріс соңында  PhD, профессоры Абдул Муазен «Тамақ инженериясы» кафедрасының оқытушылары мен магистранттарының ұйымшылдығын жоғары бағалап, бұл кездесу университеттің халықаралық байланыстарын нығайтуға және жас ғалымдардың кәсіби ой-өрісін кеңейтуге бағытталған маңызды қадамдар болғанын атап өтіп, алдағы уақытта да ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдірді.


Күнтізбе

Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.