ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ҰЛЫ ҚҰРМЕТ!


Image
  1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күніне орай Жоғары мектебіміздің бірқатар профессор-оқытушылары марапаттарға ие болды.

  Атап айтқанда:
  «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломымен «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Кансейтова Эльмира Тагайқызы;

  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен:
  – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасының доценті, PhD Дайрабай Динара Дастанқызы;
  – «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының меңгерушісі Махмудова Гулжамол Иманкулқызы;
  – «Тамақ инженериясы» кафедрасының доценті Мусаева Салтанат Жұматқызы;
  «Әділет» партиясының Алғыс хатымен «Тамақ инженериясы» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Қайпова Жанар Нұрмаханбайқызы марапатталды.                                                                                                                                                                                                                                                                      
  Құрметті әріптестер, марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, ғылыми ізденістеріңіз бен ұстаздық қызметтеріңізге толағай жетістіктер тілейміз!
  Сондай-ақ Жоғары мектебіміздің барша профессор-оқытушылар құрамын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, шәкірттеріңіздің жетістігі мен құрметіне бөлене беріңіздер! Сіздерге   зор денсаулық, отбасылық амандық, қажымас қайрат және толағай табыс тілейміз!

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.