АКАДЕМИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК-ҒЫЛЫМ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ


  М. Ауезов атындағы зерттеу университетінде 01.11.2026 – 14.11.2026 аралығында Малайзияның Путра университетінің (Universiti Putra Malaysia) PhD, профессорлары Шамсудин Роснах және Мұхамад Хазбан Бин Хамзахтың қатысуымен академиялық кездесулер кешені ұйымдастырылды.

Аталған кездесудің негізгі мақсаты – тамақ технологиясы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы заманауи ғылыми тәсілдермен таныстыру, магистранттардың ғылыми-зерттеу құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайту болды. Кездесулер барысында профессорлар өздерінің ғылыми зерттеу бағыттарының нәтижелерін баяндап, тамақ инженериясы саласындағы өзекті мәселелерге ғылыми талдау жасады. Малайзияның жоғары білім беру жүйесінің құрылымы, ғылыми жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру методологиясы, халықаралық ғылыми басылымдарда жариялану ерекшеліктері, сондай-ақ магистранттардың ғылыми жұмысын ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қарастырылды.       

  Академиялық кездесулер аясында келесі ғылыми бағыттар бойынша мазмұнды лекциялар өткізілді:

Fabricated Food Technology – құрастырылған тағам өнімдерін әзірлеу технологиялары, олардың құрылымдық-физикалық қасиеттері және сапасын бағалау әдістері;

Food Engineering System – тағам инженериясы жүйелері, технологиялық процестерді модельдеу және оңтайландыру;

Food Processing – тағам өнімдерін өңдеудің заманауи технологиялары және олардың тиімділігін арттыру жолдары;

Agricultural Process and Food Technologies – ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу процестері және тағам технологияларындағы инновациялық шешімдер;

Advanced Sustainable Food Processing Engineering – тұрақты даму қағидаттарына негізделген озық тағам өңдеу инженериясы, энергияны үнемдеу және экологиялық қауіпсіздік мәселелері;

Food Industrial Waste Management and Value-Addition – тағам өнеркәсібі қалдықтарын басқару, оларды қайта өңдеу арқылы құнды өнімдерге айналдыру технологиялары.

  Талқылаулар ғылыми пікірталас, сұрақ-жауап және нақты зерттеу кейстерін талдау форматында өтті. Магистранттар өздерінің ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша профессорлардан әдістемелік кеңестер алып, зерттеу нәтижелерін талқылауға мүмкіндік алды. Бұл магистранттардың ғылыми ойлау қабілетін дамытуға, зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және халықаралық ғылыми тәжірибемен танысуға ықпал етті.

  Қорытындылай келе, профессорлар М.Ауезов атындағы зерттеу университетінің басшылығына және профессорлық-оқытушылық құрамына жоғары деңгейде ұйымдастырылған академиялық қабылдау үшін алғыстарын білдірді. Олар магистранттардың ғылыми дайындығының жоғары деңгейін, танымдық белсенділігін, ғылыми ізденіске деген қызығушылығын және  белсенді қатысуын ерекше атап өтті.Сонымен қатар, тараптар алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және болашақта қайта кездесу мәселелері бойынша өзара ниет білдірді. Аталған кездесу екі университет арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың одан әрі дамуына берік негіз қалады деп бағаланды.

 


Күнтізбе

Қараша 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.