Университеттің белсенді студенттері Астана қаласына іссапарға аттанды


       М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің белсенді студенттері Астана қаласына іссапарға аттанды.
    Іссапардың мақсаты – жастардың тәжірибе алмасуы, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және елордадағы маңызды мемлекеттік әрі білім беру ұйымдарының жұмысымен танысу.
     Сапар аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қызметімен танысып, депутаттармен кездесу, Парламент ғимаратына экскурсия жасау жоспарланған. Сонымен қатар, Астана қаласындағы жоғары оқу орындарын аралап, студенттермен тәжірибе алмасу көзделген. Бағдарлама аясында ҚР Ұлттық кітапханасына және «АЛЖИР» мемориалды музейіне бару да жоспарланған.
      Студенттерді сапарға шығарып салу барысында әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Әбзелбекұлы ізгі тілегін білдіріп, ақ жол тіледі. Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы Жансерік Бауыржанұлы қатысып, жастарға өз кеңесін айтып, сәттілік тіледі.
      Аталған іссапар университетте жүзеге асырылып жатқан «Auezov Tour» жобасының алғашқы сапары болып табылады.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.