Жаңалықтар
«SMART FOOD AND TEXTILES: ғылым, технология және тұрақты даму симбиозы» атты студенттік форумы өтті
«SMART FOOD AND TEXTILES: ғылым, технология және тұрақты даму симбиозы» атты студенттік форумы өтті
"Тоқыма және тамақ инженериясы" Жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «SMART FOOD AND TEXTILES:ғылым, технология және тұрақты даму симбиозы» атты студенттік форум жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – студенттер мен жас ғалымдарды ғылым мен инновация саласындағы жаңа жетістіктермен таныстыру, сондай-ақ тамақ және тоқыма өнеркәсібіндегі заманауи технологияларды тұрақты даму қағидаттарымен ұштастыра отырып талқылау болды.
Форум жұмысына профессорлық-оқытушылық құрам, бакалавр студенттері мен өндіріс саласының өкілдері қатысты. Қатысушылар өздерінің ғылыми зерттеу нәтижелерін, стартап жобаларын және инновациялық идеяларын ортаға салып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Форум барысында келесі бағыттар қамтылды:
-
тоқыма және тамақ өнімдері өндірісіндегі заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдер;
-
инженерлік дизайн мен материалтанудағы жаңа үрдістер;
-
ақылды тағам (smart food) және ақылды тоқыма (smart textiles) тұжырымдамаларының қолдану салалары;
-
ғылым, технология және тұрақты даму арасындағы өзара байланыс.
Сонымен қатар, студенттер өз жобаларын таныстырып, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы жоғары зерттеулерін ұсынды. Форум аясында пікірталастар, презентациялар және интерактивті талқылаулар ұйымдастырылды. Қатысушылардың айтуынша, мұндай форматтағы іс-шаралар жас зерттеушілер үшін үлкен тәжірибе алаңы болып табылады. Олар өз еңбектерін таныстырып қана қоймай, сарапшылар тарапынан ұсыныстар алып, болашақ ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындауға мүмкіндік алды.
«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің ұйымдастырған бұл форум студенттердің ғылыми қызығушылығын арттырып, заманауи инженерияның даму бағыттарына жаңаша көзқарас қалыптастырды.






