Университетте бақша дақылдарын өңдеудің инновациялық технологиялары бойынша семинар өтті


            2025 жылғы 22 қазан күні «Melon Juice Co» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің №22-10 шығыс хаты негізінде Ғылым және кәсіпкерлік департаментінің «Кәсіпкерлік және серіктестік орталығы» ұйымдастырған «Бақша дақылдарын өңдеудің инновациялық технологиялары мен заманауи азық-түлік өндірісін дамыту» тақырыбындағы семинар өтті. Шараға Алматы технологиялық университетінің ғылыми қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы және университетіміздің докторанттары мен магистранттары қатысты. Тараптар ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті.
       
        Семинардың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудегі инновациялық тәсілдерді талқылау, бақша дақылдарын өңдеу саласында жаңа технологияларды енгізу тәжірибесін бөлісу және тағам өндірісін дамытудағы өзекті мәселелер мен шешу жолдарын қарастыру болды.

           
        Іс-шара барысында «Melon Juice Co» кооперативінің өкілдері өздерінің өндірістік тәжірибелерімен бөлісіп, компанияда қолданылатын заманауи өңдеу технологиялары, өнім сапасын арттыру және экологиялық таза өндіріс жүйесін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар туралы баяндама жасады. 
Сонымен қатар, семинарға қатысушылар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу процесін автоматтандырудың артықшылықтары, инновациялық жабдықтарды енгізу тетіктері мен кооперацияның аймақтық дамуға қосатын үлесі жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында университет пен өндірістік кооператив арасында өзара ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамыту бағытындағы ұсыныстар да талқыланды.
         
            Семинар соңында қатысушылар осындай форматтағы іс-шаралардың білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға және ауыл шаруашылық саласында жаңа идеялардың іске асуына ықпал ететінін атап өтті.

Image
Image
Image

Күнтізбе

Қараша 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.