Жаңалықтар
2024-2025 оқу жылына арналған білім беру бағдарламының іске асырылу сапасына студенттердің қанағаттану деңгейін бағалау туралы есеп нәтижесін талдау
«Тоқыма және тамақ инженериясы» Жоғарғы мектебінің кафедра меңгерушілері эдвайзелермен және профессор оқытушы құрамымен бірлесе отырып білім алушыларды кафедралардың ғылыми бағыттарын, өзгерістер туралы және білім беру бағдарламаларының мазмұнын түсіндірді.
«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектепте 21 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады: 11 бакалавриат, 7 магистратура және 3 докторантура, соның ішінде 4-БББ дуальды жүйеде білім береді.
«Тамақ инженериясы» кафедрасы бойынша 5 білім беру бағдарламасы бар: бакалавриат бойынша 3 білім беру бағдарламасы - 6В07252 - «Қантты заттар және қантты кондитерлік өнімдерінің технологиясы», 6В07250 - «Қайта өңдеу өндірісітерінің технологиясы», 6В07253 - «Тамақ қауіпсіздігі және инженериясы» БББ және магистратура бойынша 2 білім беру бағдарламасы - 7М07253 - «Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің қауіпсіз технологиясы», 7М07250 - «Қайта өңдеу өндірісітерінің технологиясы».
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасы бойынша бакалавриат бойынша 3 білім беру бағдарламасы, магистратура бойынша – 1, доктарантура бойынша 1 білім беру бағдарламасы бар: 6В07230 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы», 6В07231 – «Сән индустриясы және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының тауар айналымы», 7М07230 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» және 8D07230 – «Жеңіл өнеркәсібіндегі инновациялық технологиялар».
«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасы бойынша бакалавриат бойынша 2 білім беру бағдарламасы, магистратура бойынша – 1, доктарантура бойынша 1 білім беру бағдарламасы бар: 6В07260- «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы», 6В07261- «Инновациялық тоқыма, дизайн және декор», 7М07260 – «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы», 8D07206 – «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы».
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы бойынша бакалавриат бойынша 3 білім беру бағдарламасы, магистратура бойынша – 2, доктарантура бойынша 1 білім беру бағдарламасы бар: 6В07242- «Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы», 6В07244- «Шағын және орта бизнес кәсіпорында тағамдық технологиялар», 6В07245- «Ет және ет өнімдерінің технологиясы», ал магистратура бойынша «7М07240 - Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы», 7М07243 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» және 8D07240 - «Функционалды тамақ өнімдері өндірісінің инновациялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бар.
powered by social2s