Конференция жайлы

Іргелі ғылым мен білім ордасы болып табылатын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылымның барлық салаларын қамтитын маңызы зор «Әуезов оқулары» атты халықаралық конференцияны жыл сайын өткізу (2002 жылдан бері),  дәстүрге айналған.  

Конференцияны өткізудің мақсаты еліміздің индустриалдық-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып отырған оңтүстіктің ғалымдары мен ғылыми  мектептерінің қол жеткізген ғылыми-зерттеулер жұмыстарының нәтижелері мен жетістіктерін көрсете білу. Сондай-ақ, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония, Ресей, Польша, Қытай, Малайзия,Түркия, Корея және тағы басқа шетелдердің ғалымдарымен пікір алмаса отырып, бірлесіп ғылыми жобалар жүргізу.

Конференцияның секция жұмыстары химиялық технологиялар, мұнайхимия, био - және нано технологиялар, құрылыс, тамақ өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешені, экология және табиғатты тиімді пайдалану, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық арнайы көрме форматындағы жаңартылған энергетика, энергиясақтау және АТ-технологияларды дамытудың перспективті бағыттары бойынша жүргізілді.

Конференцияда ҚР индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасын (ИИД МБ–2) жүзеге асырудың, мемлекеттік-жеке серіктестіктердің жағдайындағы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму перспективасы, ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижелерін коммерциялау мәселелері, білім беру әдістерін жаңарту мен жетілдіру, қазіргі тіл білімі мәселелері;  «Мәңгілік Ел» Стратегиясы контекстінде жастар тәрбиесі мен мәдениеті; бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық - сауықтыру аспектілері; тарихи-мәдени және археологиялық зерттеулер, өнер және этнология мәселелері талқыланады.

Қазіргі таңда университет Путра Малайзия университеті (Малайзия); Акдениз университеті (Түркия); М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті; Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Ресей); Д. Менделлев атындағы РХТУ (Ресей); Жоғарысилез экономикалық университеті (Польша); Штутгарт «Хохэнхайм» университеті және Гамбург қолданбалы ғылымдар жоғары мектебі (Германия), Шэньян химиялық-технологиялық университеті (Қытай); Беларусь мемлекеттік технологиялық университету (Беларусь); Еуразия университеттері ассоциациясы мүшелері, Белорусия мен Қазақстан арасындағы білім консорциумы өкілдері, Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті Еуразия зияткерлік идеялар клубы, Ғылыми және инженерлік қоғамдық бірлестіктердің Ресейлік одағының энергия көздерін қолдану мәселелері жөніндегі комитет мүшелері және т.б.   серіктестерімен жұмыс жүргізуде.

Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.