Әскери кафедра жаңалықтары

«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 2025 жылдың 18 шілдесі мен 22 тамызы аралығында оқу-жаттығу жиыны өткізілді
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 2025 жылдың 18 шілдесі мен 22 тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасры - Қазақстан Республикасы қарулы күштері Бас штабы бастығының бұйрығына сәйкес студенттермен ЖООКБҰ және 35748 әскери бөлімінің оқу-материалдық базасын пайдалана отырып оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Оқу-жаттығу жиыны барысында студенттер әскери кафедрада алған теориялық білімдерін практикалық түрде шыңдады. 6506 әскери бөлімінің «Ақтас» ату алаңында АК-74 , ПМ атыс қаруларынан ату жаттығуларын, 35748 әскери бөлімінің «Дарбаза» оқу полигонында Т-72 танкісін, «Арыс» оқу полигонында БМП -2 жауынгерлік ұрыс машинасын жүргізу жаттығуларын орындады. 2025 жылдың 2 тамызында студенттер салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Үздік оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан студенттер марапатталды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз