ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН 6506 ӘСКЕРИ БӨЛІМ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙДЫ

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН 6506 ӘСКЕРИ БӨЛІМ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙДЫ

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН 6506 ӘСКЕРИ БӨЛІМ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙДЫ
 
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлім арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылды. Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы бастамашы болған келісім аясында алдағы уақытта патриоттық тәрбие беру, әскери патриоттық іс-шараларды атқару және жеке құраммен тәрбиелік жұмыстар бірлесе атқарылатын болады.
Бұдан бөлек, кездесу аясында әскери салада туындайтын өзекті мәселелер ғалымдармен бірге талқыға салынды. Тараптар жағынан жастар арасында қоғамды алаңдатып отырған лудомания, есірткіге тәуелділік, суицидтің алдын алуда ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеу және нақты шешу жолдарын қарастыру ұсынысы айтылды.
Университеттің ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры У.Сулейменов нақты ғылыми жобалар арқылы мәселелерді зерттеуге мүмкіндіктер бар екенін жеткізсе, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғ.Бесбаев оқу ордасындағы «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы психологиялық ғылыми бағыттарда мамандар даярлап отырған жетекші кафедраларының бірі екенін және психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейтінін атап өтті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.