Қосымша білім беру жаңалықтары
Ағылшын тілінде сабақ беретін профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курстары (2)
Ағылшын тілінде сабақ беретін профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курстары
Ағылшын тілінде сабақ беретін профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін және кәсіби құзіреттіліктерін арттыруды қолдау мақсатында
2023 жылдың 16-27 қаңтар мерзімі аралығында Қосымша білім беру орталығы мен Білім беру бағдарламларының менеджменті орталығы бірлесіп
ұйымдастырған «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту CLIL» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтуде.
Курс аясында тыңдаушылар:
- үштілді оқу бағдарламасындағы CLIL әдісін;
- кіріктірілген білім бағдарламасы – нәтижеге бағытталған оқу жүйесін;
- ағылшын тілі және бейіндік пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдары және тәсілдерін;
- оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын кіріктірілген сабақ барысында қолданудың әдіс-тәсілдерін;
- жобалап оқыту технологиясын кіріктірілген сабақ барысында қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін оқып үйренетін болады.