Салиқалы университет

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті өзінің үшінші миссиясын орындау және зейнет жасындағы аға буын өкілдеріне әлеуметтік көмек көрсетіп,  бүгінгі күннің қажетті мамандықтары бойынша қайта дайындаудан өткізіп, кәсіби дамуын қамтамасыз ету мақсатында «Салиқалы университет» жобасын жүзеге асыруда.
Осы мақсатқа бағдарланған университеттің Қосымша білім беру орталығы  2022 жылы желтоқсан айының 12 жұлдызынан  «Бағбан» курсын ұйымдастырды. Курсқа Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің ұсынысымен 16 тыңдаушы қатысуда. Курс аясында аға буын өкілдері бір-бірімен танысып, пікір алысып, бөлме өсімдіктерін, жеміс және декоративті ағаштарды  күтіп-баптау, бау-бақшада күзде және көктемде жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру, бау-бақша зианкестерімен күресу әдіс-тәсілдерін үйреніп, нақты практикалық дағдыларды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады. Курс аясында тыңдаушылар үшін арнайы мәдени-тынығу іс-шаралары да қарастырылған.
Курсты сәтті аяқтаған әрбір тыңдаушыға арнайы үлгідегі сертификат беріледі.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.