Сұлтан Бейбарыс - түркі әлеміне ортақ тұлға

Дешті қыпшақ даласында туылып, алмағайып дүние, жаугершілік заманда құлдыққа  сатылса да, ержүрек батырлығымен, ақыл-парасатымен Египетті билеген Бейбарыс сұлтанға  800 жыл толып отыр. Ұлы бабаларымызды ұрпаққа насихаттау мақсатында Шымкент қалалық Пушкин кітапханасы "Сұлтан Бейбарыс - түркі әлеміне ортақ тұлға" атты тарихи танымдық іс шара өткізді. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының тыңдаушылары Байбарыс сұлтан жайындағы бұл іс-шарадағы жасалған баяндама, көрсетілген қойылымдардан батыр да данагөй бабамыздың өмірі мен ерліктерінен тереңірек мағлұмат алды. Әсіресе, Бейбарыс сұлтанның жат жерде жүрсе де өз туған елін, туған топырағын аңсап, сағынышын сәл де болса жусан исі арқылы басып отырғандығы ерекше тебірентті.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.