Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының оқытушысы медальмен марапатталды

30 қазан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Алаш руханияты және Тәуелсіздік» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияға  еліміздің әр өңірінен танымы биік тарихшылар мен ғалымдар, сондай-ақ ақын-жазушылар, аталмыш оқу орнының оқытушылары қатысты. Осы конференцияда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының аға оқытушысы Ғалым Қасымханұлын  1920-1926 жылдар аралығында шыққан «Ақ жол» газетінің 25 томдығын  төте жазудан транскрипциялап, Алаш мұрасын халықпен қайта қауыштырған еселі еңбегі үшін  ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы  «Алаштың» 100 жылдығына арнап «Ақ жол» партиясы дайындаған арнайы медальмен марапаттады. Құтты болсын


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.