Тыңдаушылармен жиналыс өтті

9 қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығына «Халықаралық байланыстар орталығынан» Хамераев Алишер, Өсербай Нурдаулет арнайы келіп, дайындық орталығында оқып жатқан тыңдаушылармен жиналыс өткізді. Жиналыста қандастарымызға шетел азаматтарының құжаттарын тіркеу жайында түсіндіріп өтті. Тыңдаушыларымыз көкейлерінде жүрген күңгірт мәселелерін ортаға тастап, сұрақтар қойып, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының жүріп-тұру заңдарымен, тәртіптерімен танысты. Жиналыс соңында  Орталық басшысы Камалдинов Рахымбек тыңдаушыларға оқу орнындағы, жатақханадағы тәртіп жайында, оқу барысы жайында да сөз қозғады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.