Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет

Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультеті қаңтар айының 25-жұлдызы күні «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» тақырыбы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған іс-шараға «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» қызметкерлері, «Қарабура» мешітінің найб имамы және университетіміздің «Жастар саясаты және тәрбие департаменті» мамандары қатысты. Жас ұрпақты тәрбиелеуде дінімізді түрлі жаман әдеттерден қорғап, хақ діннің дұрыстығына сеніп, тіршілікте оның асыл құндылықтарын дұрыс пайдалана білу туралы әңгіме өрбітіп, жастарға рухани азық берді.
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» қызметкері Аппазов Ғазиз мырза жиналған қауымға төмендегі мәселелер бойынша егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті:

  • Жастардың діни сауаттылығын ашу;
  • Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және онымен күресу шаралары;
  • Қауіп-қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болу;
  • Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеп сақтау және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу;

Сонымен бірге, «Қарабура» мешітінің найб имамы Балтабаев Серік мырза, дін дегеніміз –ежелден келе жатқан мәдени түрінің бірі және дін адамгершіліктің, қайырымдылықтың, ізгіліктің, мейірбандықтың белгісі екендігін , сондай-ақ дін – адамның өмірінде ойып тұрып орын алатын негізгі құрал болып табылатындығын баса айтып, жастарға рухани ой салды.
Тыңдаушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын жолдап, дін басы өкілдерінен тұжырымды жауаптар алды.
Кеш барысында Қытай Халық Республикасынан келген өнерпаз тыңдаушыларымыз -  Ақиқат Мұқараш қазақтың қара домбырасымен терме орындаса, Әмәлият Арқалық сиясы кеуіп үлгермеген өз туындысымен көрермен көңілінен шықты.
Тәрбие бөлімінің маманы Орынбекова Гүлжан пікірталас барысында тыңдаушыларға дін мен дәстүрдің ажырамас егіз ұғым екендігін түсіндіріп өтсе, университетіміздің аға кураторы Бейсенов Сембай Дайрабайұлы іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысқан тыңдаушыларға алғыс айтып, осындай мән-мағынасы зор іс-шаралардың жиі ұйымдастырылып отырылуын айтып өтті.
Кешті қорытындылаған факультет бас маманы Н.Абильхайыров келген қонақтарға алғыс айтып, ұжымның атынан құнды кітаптар сыйға тарту етті.
Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және
жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.