«Тербет елді тәуелсіздік ұраны»

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында факультетіміздің өнерлі өрендері Абай атындағы кітапхана ұжымымен бірлесе отырып, «Тербет елді тәуелсіздік ұраны» атты әдеби-музыкалық кешін өткізді. Кешті мерзімді басылымдар залының кітапханашысы  Назира Сейтжанова жүргізіп, кеш қонақтарын таныстырды. Өз кезегінде кеш қонағы Абай ауданы  әкімі аппаратының  мәдениет бөлімінің бастығы Арынғазиев Бауыржан ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен  кеш қонақтарын, оқырмандарды құттықтап, Қазақстан Республикасының әлем қауымдастығы алдында мерейі әрдайым осылай үстем болуын тіледі. Ал біздің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық фаультетінің тыңдаушылары: Әмәлият Арқалық, Нұрлыбек Есімбек, Жұмәлі Балқаш сынды өнерлі жастар көркем сөзбен қатар өз өлеңдерін оқып көрермендерді әдемі әсерге бөледі. Сондай-ақ Қадубек Бақберді домбырада керемет күй орындап, осынау кешке мерекелік сипат берді. Мерзімді басылымдар залының кітапханашысы Даулетова Айдана кітап көрмесіне шолу жасады. Кеш қорытындысында орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі директоры Алшабаева Перизат Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен көпшілікті шын ықыласымен құттықтап, кешке белсенді қатысқан өнерлі тыңдаушылар – А.Әмәлият пен Е.Нұрлыбекті арнайы Алғыс хатпен  жастарды марапаттады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.