М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Олимпиада-2023»

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Шымкент қаласы және Түркістан облысының орта білім беру мектептерін бітіруші оқушыларға арналған Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері комбинациясы бойынша облыстық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңін өткізді.
Абишева Роза Джанысбекова - Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер бойынша проректор «Олимпиада 2023» салтанатты ашып, университет тарихына қысқашаа түсініктеме бере отырып, оқушыларға сәттілік тіледі.
Исмаилов Бақытжан Абдухаликович - кәсіптік бағдар беру орталығының директоры олимпиадаға қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Олимпиадаға қатысқан оқушыларға университет тарапынан «Талапкер -2023» буклеттері, визиткалар берілді.
Дулатова Гулбақыт Сейсенбекқызы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жетекшісі олимпиада барысындағы академиялық адалдық кағидаларының сақталуын бақылады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.