Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша мектеп бітіруші оқушыларына арналған ҰБТ бейіндік пәндері комбинациясы бойынша облыстық және қалалық пәндік олимпиада.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша мектеп бітіруші оқушыларына арналған ҰБТ бейіндік пәндері комбинациясы бойынша облыстық және қалалық пәндік олимпиада.
Бүгін, 2022 жылы 26 ақпанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында ҰБТ бейіндік пәндері комбинациясы бойынша (2 пән) мектеп бітіруші оқушыларына арналған облыстық және қалалық пәндік олимпиадның 1 кезеңі санитарлық нормаларын сақтай отырып офлайн режимінде өткізілді.
Олимпиаданы өткізу үшін бас ғимаратында 3 қабатында орналасқан 250 орындық 13 аудитория санитарлық нормаларға сәйкес дайындалған.
Оқушылар олимпиада өткізілетін ғимарат ішіне кіргізу барысында тыйым салынған заттарды (ұялы байланыс телефондары, шпаргалка, т.б.) арнайы орынға (гардероб) тапсырды.
Олимпиаданың негізгі міндеттері:
жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп бітіруші оқушылардың білімін бағалау нәтижесінде дарынды озат оқушыларды анықтау;
мектеп бітіруші оқушылардың Ұлттық біріңғай тестілеудің бейіндік пәндері комбинациясы бойынша жоғары оқу орындары мамандықтарын таңдауға ықпалдық жасау;
олимпиаданы ұйымдастыру барысында 2022-2023 оқу жылына жоғары оқу орнына оқуға түсу рәсімі бойынша түсушілерге ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қатысушыларға мәліметтер:
Олимпиаданың 1 – кезеңі ҰБТ бейіндік пәндері бойынша тест түрінде өтті.
1 – ші кезең нәтижесі өткен күні әлеуметтік желілерде жарияланады.
2 – ші кезеңге жоғары балл жинаған оқушылар жіберіледі.
2 – ші кезең ауызша – жазбаша емтихан түрінде М.Ауезоа атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында офлайн режимінде 2022 жылдың 10 – 15 наурыз аралығында өтеді.
Хабарласуға болады:
Call орталық: 8/7252/400-899
WhatsApp: 87472757500
E- mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Instagram: ukgu_kbbo  Іс-шарада болашақ түлектердің алдағы ҰБТ бойынша сұрақтарымен  кәсіби бейінін анықтауға, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға қатысты түсіндіру мәліметтері берілді.

Мектеп түлектері берілген мәліметтерге қызығушылық танытты.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.