Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 6 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 2,5 мм, қалған жақтары – 20 мм, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см) қолданылады. Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеу) көрсетіледі, бір жол төмен – бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде автордың аты-жөні және тегі, бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде мекеме, қала, ел атауы және электрондық адрес (e.mail) беріледі. Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және аbstract, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және аbstract, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін аbstract 150 ден 250 сөзге дейін жазылады. Бір жол төмен мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде кілттік сөздер жазылады, ол 7 сөзден кем болмауы тиіс. Баяндаманың негізгі мәтіні келесі жолда, мақаланың жазылған тілінде басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін екі нұсқада көрсетіледі, біріншісі түп нұсқада, екіншісі Reference роман алфавитінде (латыншада) SCOPUS мәліметтер базасында көрсетілетін бұл сілтемелер журналдармен мақала авторларын дәйектеме (цитирование) оқу барысында ескерілетіндей болу керек.
Баяндама мәтіні түзетілмейді, түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.