Еңбек өтілі

09.1975 – 06.1976ж.

Шымкент ”Промстрой ” трестінде жұмысшы

08.1976 – 09.1981ж.

Қазақ химия-технологиялық институтының студенті

10.1981 – 06. 1984ж.

ҚазХТИ “Материалдар кедергісі” кафедрасында оқытушы

06.1984 – 11.1985ж.

М.И.Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтының “Материалдар кедергісі” кафедрасында – стажер-ізденуші

11.1985-11.1988ж.

М.И.Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтында күндізгі бөлім аспиранты

11.1988-01.1989ж.

М.И.Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтының “Материалдар кедергісі” кафедрасының инженері

01.1989-05.1990ж.

ҚазХТИ “Теориялық механика және материалдар кедергісі” кафедрасында оқытушы

05.1990-11.1994ж.

ҚазХТИ “Теориялық механика және материалдар кедергісі” кафедрасында  аға оқытушы, доцент

11.1994-09.1996ж.

ОҚТУ (ҚазХТИ) “Теориялық механика және материалдар кедергісі” кафедрасында аға ғылыми қызметкер

09.1996-08.1999ж.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ (ОҚТУ) кафедра доценті.

08.1999-02.2001ж.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қолданбалы механика» кафедрасының  профессоры

02.2001-11.2001ж.

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының  Шымкент филиалы, факультет деканы

11.2001-03.2002ж.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ғылым орталығының жетекшісі

03.2002-04.2002ж.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, ШФ (Шымкент филиалы)«Механика» кафедрасының меңгерушісі

04.2002-.08.2002ж.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, ШФ ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі директор орынбасары

08.2002-01.2003ж.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, ШФ оқу-әдістемелік ісі жөніндегі директор орынбасары

01.2003-04.2003ж.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ,  ШФ директор міндетін атқарушы

04.2003-08.2003ж.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ,  ШФ оқу-әдістемелік ісі жөніндегі директор орынбасары

08.2003-09-2004ж.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ,  ШИ (Шымкент институты) тәрбие ісі  жөніндегі директор  орынбасары

09.2004-08.2006ж.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, оқу-әдістеме және тәрбие жұмыстары жөніндегі вице-президент

08.2006-09.2007ж.

Қ.А.Ясауи атындағы ХКТУ, Түркістан Гуманитарлық ғылымдар және бизнес институтының директоры (құрамында бес факультет)

09.2007-08.2008ж.

Қ.А.Ясауи атындағы ХКТУ, Түркістан Жаратылыстану және медицина институтының директоры (құрамында төрт факультет)

08.2008- 09.2013ж.

Қ.А.Ясауи атындағы ХКТУ, Ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президент

09.2013 жылдан  17.08.2018ж.

Қ.А.Ясауи атындағы ХКТУ, Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президент

11.09.2018 жылдан

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректор

                Салалық  тәжірибесі:           

  1. Оқу – әдістемелік бағыт
  • 2004-2005 жылдары  Қ.А.Ясауи ат.ХҚТУ-де Сапа менеджменті Жүйесін ендіруге басшылық  жасады;
  • 2005-2007 жылдары Қ.А.Ясауи ат.ХҚТУ-де Қазақстанда алғашқылардың  бірі болып  қашықтықтан білім беру жүйесінің Европалық  моделін (ТурТЕП бағдарламасы) дайындауда және енгізуде  жауапты сала басшысы ретінде  танылды;
  • 2005-2007 жылдары Қ.А.Ясауи ат.ХҚТУ-де ЖОО-ның оқытудың  кредиттік технологиясы жүйесіне өту жағдайында, университет деңгейінде осы жүйеге көшуге тікелей жетекшілік жасады. 

                      II. Тәрбие және  әлеуметтік  саласы

  • 2002 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Шымкент филиалында «Бәйтерек» жастар қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы;
  • 2005 жылы Түркістанда Қ.А.Ясауи ат.ХҚТУ-де Б.Саттарханов атындағы «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігін  ұйымдастырып, 2005-2017 жылдары  төрағасы  болды;
  • Қ.А.Ясауи ат.ХҚТУ-де студенттердің  өзін-өзі басқару жүйесінің формальді емес жұмыстары ұйымдастырылды;
  • «Намыс  найзағайы» атты  ақпараттық-аналитикалық  тәрбиелік оқу құралы дайындалды (240 бет, 2009ж);
  • «Жастар  ортасында  патриоттық  рухты  қалыптастыру» атты бейнежурнал фильм дайындалды (12 мин, 2009ж).

                                                   III. Ғылым бағыты

            Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-не  2008-2018 жылдар аралығында осы саланың вице-президенті ретінде саланың  дамуына ерекше үлес қосты. Атап айтқанда, ғылымға тартылған қаржы 10 есеге, импакт-факторы мақала  2010-жылдан бастап алғанда 12 есеге (мыс:  2017ж. 101 мақала   980 ОПҚ-ға) ғылыми жобалар  саны  3,5 есеге, монографиялардың саны 2,5 есеге және сол сияқты  ғылыми-конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастыру  іс-шаралары да бірқатар өсімде болды. Түркия Республикасы қаржысының  гранттарына тұңғыш рет қолжетімділікке мүмкіндік ашты (Өкілетті Кеңес қаржысы, Түркия).

    Университет ғалымдарының Халықаралық базалармен жұмыс жасау деңгейі де артты. Тұрақты түрде  ғылыми семинарлардың өтуі қолға алынды, магистрлік және PhD-қ ғылыми зерттеулері тұрақты түрде жылына  екі рет Салааралық ғылыми координациялық семинарлардың өтуі нәтижесінде диссертациялық зерттеулердің сапасын арттыруға ерекше серпіліс берілді. Университетте  2017 жылы 264 ғалым ғылыми сараптамалық  семинарлардан   өткізіліп, деңгейлік бағалау негізінде, заман талабына сәйкес ғалымдарға мүмкіндік берілу алға тартылды, статустық жүйе енгізілді. Нәтижесінде ғылыми потенциалы бәсекеге қабілетті Ғалымдарға мүмкіндік артты (магистрлерге, PhD-ларға жетекшілік). 30% студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары қалыпты жүйеге (1 курстан бітіргенге дейін) келтірілді.

  Т.П. Раимбердиев Ғылым-білім саласында 175-тен астам еңбегі жарық көрді, оның  ішінде:

  • 1 әлемдік  ашылым;
  • 17 патент;
  • 7 Халықаралық  базаларда индекстелген  мақалалар:
    • 3 мақала SCOPUS халықаралық  дерекқор  базасында;
    • 4 мақала Web of Science  халықаралық дерекқор  базасында;
  • 60 шетелдік жарияланым;
  • 2 монография;
  • 3 оқулық.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.