Сарыкулов Курмангалы Рахимбердиевич

Image

Сарыкулов Курмангалы Рахимберддиевич

Басқарма мүшесі-бірінші проректор,
заң ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Курмангалы Сарыкулов Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 1974 жылы дүниеге келген.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде ғылыми қызметкер болып бастап, 1997-200 жылдар аралығында аталған жоғары оқу орнында оқытушы, адъюнкт, аға оқытушы лауазымдарында қызмет атқарған;

2000-2007 жылдары Қаржы полициясы Академиясында кафедра бастығы;

2007-2008 жылдары қаржы полициясы огандарында басқарма бастығының орынбасары;

2008-2009 жылдары аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының» доценті;

2009-2015 жылдары аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар факультетінің» деканы,

2016-2018 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының» меңгерушісі;

2018-2019 жылдарда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында кафедра бастығы;

2020-2021 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының доценті;

2021-2024 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Заң» факультетінің деканы;

2024-2025 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректор м.у.а.;

2025 жылдың сәуір айынан бастап М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма мүшесі-бірінші проректор лауазымына тағайындалды.

Курмангалы Сарыкулов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Мінсіз қызметі үшін», ІІ және ІІІ дәрежелі медальдарімен марапатталған.

 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.