6B07088(2) Металдар мен композициялық материалдар өндірісіндегі цифрлық технологиялар
БББ ПАСПОРТЫ
|
БББ атауы |
6В07088(2) - «Металдар мен композициялық материалдар өндірісіндегі цифрлық технологиялар» |
|
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В07 – Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
|
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В061 – Материалтану және технологиялар |
|
Оқыту тілі |
қазақ, орыс |
|
БББ көлемі |
240 кредит |
|
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
|
БББ мақсаты |
Металлургия және композициялық материалдар саласында нарық талаптарына сәйкес келетін, кәсіпорындарда технологиялық, есептік- жобалық, зерттеу, басқарушылық және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін теориялық білімді, практикалық дағдыларды және үрдістерді цифрландыру технологияларын меңгерген мамандарды даярлау. |
|
Берілетін дәреженің аталуы |
«техника және технологиялар бакалавры» |
|
Кәсіби қызмет саласы |
Түсті және қара металлургия, композициялық материалдар, ғылым. |
|
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Академиялық жазу принциптерін және академиялық адалдық пен әдептілік мәдениетін ескере отырып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін қарым-қатынас жасау. ОН2 Жаратылыстану, математикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және инженерлік білімдерін; математикалық мәліметтерді өңдеу әдістері, металдар мен композиттік материалдар өндірісіндегі теориялық және эксперименттік зерттеулер және экономикалық талдау элементтерін көрсету. ОН3 Іргелі физика-химиялық заңдылықтар негізінде шикізатты кешенді өңдеумен, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдаланумен, өндірістік процестерді басқарудың, механикаландырудың, автоматтандырудың заманауи технологияларын қолдана отырып, металдар мен композициялық материалдарды алу. ОН4 Жасанды интеллектті пайдаланып, алынған нәтижелерді түсіндіру және қорытындыларды тұжырымдау арқылы қазіргі заманғы зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, металдар мен композициялық материалдарды алу технологиясы саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру. ОН5 Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, өндірістегі технологиялық операциялардың ретін, параметрлерін, режимдерін сақтап, оларды пайдалану дағдыларын көрсете отырып, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды пайдалану арқылы металлургиялық өңдеу процестерін басқару бойынша өндірістік тапсырмаларды орындау. ОН6 Технологиялық процестерді жүйелік талдау негізінде металдар мен композициялық материалдарды алудың технологиялық процестерінің материалдық және жылу баланстарын құрастыру. OH7 Металдарды, композиттік материалдарды алудың перспективті әдістерін таңдай отырып, кешенді, энергияны үнемдейтін, экологиялық таза, қауіпсіз технологияларды әзірлеу. ОН8 Кейіннен шешімдер каталогтарын міндетті түрде құрып, түзету іс-шараларын ұсына отырып, пайда болу себептерінің тергелуімен, төтенше жағдайлар және өндірістік процестердің ақаулары мен апаттары туралы деректерді өңдеу. ОН9 Заманауи жабдықтарды қамтамассыз ету үшін бағдарламалау дағдыларын, жылу автоматикасының жабдықтарын бақылау және цифрлық басқару жүйесін пайдалана отырып, жедел ақпаратты үйлестіру негізінде технологиялық процестердің тиімділігін арттыру. OH10 Жасанды интеллект пен цифрлық технология әдістерін қолдану арқылы инженерлік-техникалық, конструкторлық есептеулерді орындай отырып, композиттік материалдарды алу үшін жабдықтарды, параметрлерді, технологиялық режимдерді таңдау. OH11 Өзіндік идеялық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсете отырып, өз көзқарасын дұрыс қорғай отырып, өмір бойы практикалық ойлау, физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру және біліктілігін арттыру қабілетін көрсете отырып, жеке және ұжым мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу. |
