6B11088(3) Менеджмент қауіпсіздігі және тұрақты даму

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В11088(3) - Менеджмент қауіпсіздігі және тұрақты даму

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В11- Қызмет көрсету

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В112 - Өндірістегі еңбек гигиенасы және еңбекті қорғау

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В094-Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 -

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 -

БББ мақсаты

Мемлекеттік, жергілікті, өңірлік және шетелдік ұйымдар үшін менеджмент қауіпсіздігі және тұрақты даму бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

қызмет көрсету саласының бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

«6В11088(3)- Менеджмент қауіпсіздігі және тұрақты даму» БББ бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы өндірістік, басқару, ғылыми-зерттеу, техникалық және экологиялық мониторинг қызметі, өндірістік ортаның сапасын және адам денсаулығының қауіпсіздігін бақылау болып табылады.

Оқыту нәтижелері

ОН1  Академиялық адалдық пен академиялық жазу мәдениетін ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін сөйлесу;

ОН2 Идеялық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми-эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуын көрсету;

ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығын меңгеру, кәсіби қызметте кәсіби бағдарламаларды қолдану;

ОН4 Инженерлік жүйелердің, желілердің және жабдықтардың теориялық негіздерін, олардың құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін, элементтердің типтік схемалары мен конструкцияларын, пайдалану және қауіпсіздік ережелерін кәсіби қызметінде қолдану;

ОН 5 Мониторинг, аудит, сараптама және өндірістік ортаның ағымдағы жай-күйі туралы деректерді талдау негізінде технологиялық және экологиялық қауіпсіздікті бағалау;

ОН 6   Тұрақты даму саласындағы зерттеулердің нәтижелері бойынша ресурстарды үнемдейтін, аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды құру, қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту бойынша шешімдерді ұсыну;

ОН 7 Энергия, жылу және газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, қалдықтарды кәдеге жарату, ресурстарды үнемдеу және техникалық реттеу саласындағы өндірістік қауіпсіздікті басқару бойынша ұйымдарға практикалық ұсыныстар ұсына отырып, қауіпсіздік тәуекелдерін басқару және тұрақты даму бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

ОН 8 Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық реттеу саласындағы заңнамалық, нормативтік және құқықтық базаға сәйкес сыни талдау негізінде әртүрлі кәсіби жағдайларда құзыретті шешімдерді әзірлеу;

ОН 9 Ресурстарды үнемдейтін басқару, аудит және өндірістік тәуекелдерді бағалау дағдыларын меңгеру;

ОН 10 Өндірістік токсикологияның, сараптаманың, аудиттің және қауіпсіздікті басқарудың нормативтік базасын пайдалана отырып, жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

ОН 11 Экологиялық проблемаларды шешу үшін құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу және сарқынды суларды тазарту жолдарын көрсету.

ОН 12  Кәсіби тәуекелдерді, қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау және еңбек жағдайын жақсарту және қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайту жөніндегі құжаттамалар мен әдістемелік материалдарды, ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеу;

ОН 13 Тұрақты даму саласындағы белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік және көшбасшылық дағдыларды пайдалана отырып, жеке және топта тиімді жұмыс жасау.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.