6B07152 Электр энергетикалық жүйелер инженериясы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6B07152 Электр энергетикалық жүйелер инженериясы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В071 Инженерия және инженерлік іс

 

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В062 Электртехникасы және энергетика

 

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Электрмен жабдықтау саласында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, өзін-өзі дамытуға және техника мен технологиялар бакалавр біліктілігіне сәйкес негізгі қызмет түрлерін жүзеге асыруға қабілетті мамандарды дайындау

Берілетін дәреженің аталуы

« Техника және технология бакалавры »

Кәсіби қызмет саласы

Электр энергиясын түрлендіру және процесті басқару үшін жағдай жасауға бағытталған адам қызметінің технологиялары, құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын қамтитын ғылым мен техника саласы.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін түсіне отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау; 

ОН2 Электрмен жабдықтау объектілерін жаңғырту, ақпараттық технологиялар және заманауи өлшеу құралдары мен  тәсілдері, әдістеріне сәйкес электр жабдықтарын диагностикалық және жөндеу іс-шараларын жүргізу.

ОН3 Электр энергетикалық кешендер мен жүйелерді құру және пайдалану кезінде оларды бағалаудың техникалық, экономикалық, экологиялық өлшемдерін негіздеу және энергия тұтынудың, энергия ресурстарын пайдаланудың және энергия шығынын азайтудың тиімділігін арттыратын іс-шараларды әзірлеу; 

ОН4 Жабдықтың электр бөлігін монтаждау, баптау, пайдалану және сынау әдістерін қолдана отырып, электрмен жабдықтау объектілерінің қасиеттері мен процестерін талдау және болжау үшін теориялық модельдер құру;

ОН5 Ғылым мен техниканың даму тенденциялары негізінде электртехникалық жабдықтар мен электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау;

ОН6 Электр энергетиканың интеллектуалды жүйелерін цифрландыру тенденцияларын қолдана отырып, электрмен жабдықтау жүйелерін оңтайландыру.

ОН7 Өзбетінше оқу, өзін-өзі тәрбиелеу, салауатты өмір салты, командада жұмыс істеу дағдыларын көрсету.

ОН8 Ақпараттық және есептеу сауаттылығын қолдану, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау;

ОН9 Белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік және жұмыс дағдыларын қолдану.

ОН10 Деректерді математикалық өңдеу әдістеріне, ғылыми және эксперименттік зерттеулерге, нормативтік құжаттарға және экономикалық талдау элементтеріне сүйене отырып, кәсіби қызметте жаратылыстану ғылымдары, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімдерді көрсету; 

ОН11 Электр тізбектерін, электромагниттік процестерді және материалдардың электрлік қасиеттерін есептеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, электр машиналарында, түрлендіргіш құрылғыларда және электрмен жабдықтау жүйелеріндегі процестерді сипаттау; 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.