6B06121 Жасанды интеллект технологиялары

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В06121–«Жасанды интеллект технологиялары»

Білім беру саласының коды және жіктелуі

6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Дайындық бағыттарының коды мен жіктелуі

6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Білім беру бағдарламаларының тобы

В057 Ақпараттық технологиялар

Оқыту тілі

қазақша, орысша, ағылшынша

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 -

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 -

БББ мақсаты

IT-технологиялар саласында озық білімі бар, экономиканың түрлі салаларын цифрландыру бойынша кәсіби қызметке дайын, сыни ойлауы бар жоғары білікті, көптілді мамандарды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

«ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

- Өндірістік және экономикалық қызметтің түрлі салаларында зияткерлік ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

-Зияткерлік ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді зерттеу, жобалау, әзірлеу, тестілеу, енгізу және сүйемелдеу.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Академиялық жазу және академиялық адалдық мәдениеті қағидаттарын ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2 Кәсіби қызметте жаратылыстану, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімді, деректерді математикалық өңдеу әдістерін, ғылыми және эксперименттік зерттеулерді, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін қолдану.

OН3 Стандарттарға сәйкес АКТ жобаларын қамтамасыз етудің барлық түрлерін әзірлеу, тестілеу, енгізу және сүйемелдеу қабілетін көрсету

OН4 Жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу кезінде Машиналық оқыту аппаратын (жасанды нейрондық желілер); эволюциялық және генетикалық алгоритмдерді; цифрлық егіздерді әзірлеудің негізгі дағдыларын қолдану

OН5 Ортада бағдарламалау: С # -Web-сервистерді әзірлеу үшін; Python-Django құрылымында; Java, JavaScript-WWW-қосымшаларды әзірлеу кезінде; iOS, Android-мобильді қосымшаларды әзірлеу кезінде

OН6 АЖ-да ақпаратты қорғаудың негізгі принциптерін сипаттау; әртүрлі құрылғыларда ақпараттық процестерді жобалау және іске асыру кезінде ақпаратты техникалық қорғауды практикалық жүзеге асыруға арналған ұсыныстар;

OН7 Графикалық және операциялық жүйелерді орнатуды және сүйемелдеуді жүзеге асырады, ДБ-нің жұмыс істеуі мен ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен біріктіреді;

OН8 Дизайнды әзірлеуді жүзеге асыру; web-ресурстарды құру және өзгерту; web-ресурстарды басқа компьютерлік қосымшалармен интеграциялауды орындау; web-ресурстарды басқару және жаңарту;

OН9 Сараптамалық жүйелерді әзірлеу кезінде анық емес жиындарды өңдеу қабілетін қолдану; компьютерлік оқыту жүйелерін әзірлеу кезінде компьютерлік лингвистика құралдарын пайдалану мүмкіндігі 

OН10 Ұйымның IT-инфрақұрылымының жұмыс істеуін сипаттау; ОЖ, СОС және ДҚБЖ штаттық жұмысы және қауіпсіздігі;

OН11 Кәсіпорынның бухгалтерлік және басқарушылық есебін автоматтандыру үшін "1С: Кәсіпорын" бағдарламалық өнімінің практикалық қолданылуы мен конфигурациясын көрсету;

OН12 BigData және DataMining технологияларын қолдана отырып, үлкен деректерді жинауды, талдауды және өңдеуді жүзеге асырады.

OН13 Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істей білу, өзін-өзі қорғау және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын көрсету және салауатты өмір салтын ұстану


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.