6B05210 Экология

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В05210-Экология

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В052  Қоршаған орта

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В051 Қоршаған орта

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 

БББ мақсаты

Табиғат пен табиғи ресурстардың жай-күйін талдай алатын, экологиялық сараптаманың тиімді әдістерін меңгерген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында сұранысқа ие мамандарды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

жаратылыстану бакалавры

Кәсіби қызмет саласы

облыстық және қалалық экология департаменттері, аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары, ұлттық саябақтар, қорықтар, арнайы қорықтар, биосфералық резерваттар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, агроөнеркәсіптік кешендер, полигондар, энергетика нысандары, орта арнайы оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен экоорталықтар болып табылады.

Оқыту нәтижелері

ОН 1   Академиялық адалдық қағидаттарын және академиялық жазу мәдениетін ескере отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.

ОН 3  Ақпараттық және компьютерлік сауаттылыққа ие болу, тәжірибе жасау кезінде кәсіби бағдарламаларды пайдалану.

ОН 4 Қоршаған ортаның жай-күйі, мониторинг, климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланутуралы деректерді талдау және қалдықтарды кәдеге жарату әдістері негізінде экологиялық қауіпсіздікті бағалау.

ОН5 Атмосфераны, топырақты, жануарлар мен өсімдіктерді биоиндикациялық зерттеу негізінде қоршаған ортаны жақсарту бойынша ұсыныстар беру.

ОН6 Экотоксикология, физикалық және радиациялық экология, экоқорғау техника саласында зерттеу нәтижелері негізінде қоршаған ортаны жақсарту бойынша шешімдер ұсыну, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар құру.

ОН7  ҚР-да табиғи ортаны, организмдердің биоалуантүрлілігін, топырақ құнарлылығын сақтау, жасыл экономикаға көшу бойынша табиғатты қорғау іс-шараларының тәжірибелік ұсынымдарын әзірлеу.

ОН8   Сыни талдау негізінде әртүрлі кәсіби жағдайларда құзыретті шешімдерді әзірлеу және қорғау объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қолдану.

ОН9  Атмосфераға ластаушы заттардың таралуын, ШРШ және ШРТ, сондай-ақ қалалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жағдайын бағалау үшін қоршаған ортаға экологиялық залалды есептеу.

ОН 10   Экология негіздерін, экологиялық білім мен ағарту үшін Тұрақты даму принциптерін терең зерттеуге негізделген ойлаудың тұтастығын көрсету.

ОН11  Зерттеу, кәсіпкерлік және көшбасшылық дағдылар мен өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қолдана отырып, жеке және командада тиімді жұмыс істеу.

ОН12   Кәсіби қызметте экологиялық заңнама, нормалау және сараптама қағидаттарын, сондай-ақ пайдалы қазбаларды пайдалануды геоэкологиялық бағалау нәтижелерін пайдалану.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.