6B07190 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В07190 – Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07   Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В071  Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В060 Химиялық инженерия және процестер

Оқыту тілі

қазақша, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Цемент, керамика және шынының химиялық технологиясы саласында тиімді кәсіби қызметке қабілетті қажетті бакалаврларды дайындау

Берілетін дәреженің атауы

«техника және технология бакалавры»

Кәсібиқызмет саласы

-     Құрылыс

-     Өндірістік және техникалық

-     Бизнес

-     Ғылыми және өндірістік

-     Ғылыми зерттеу

-      Сараптамалық және аналитикалық

Оқыту нәтижелері

ОН 1 Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін қолдана отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

ОН 2 Жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және инженерлік-техникалық білімдерін; деректерді математикалық өңдеу әдістерін, ғылыми және эксперименттік зерттеулерді және кәсіби саладағы экономикалық талдау элементтерін көрсету.

ОН 3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу.

ОН 4 Керамика, шыны және тұтастырғыш материалдарды синтездеу, химиялық инженерия , балқуы қиын бейметалл және силикат материалдарының құрылымы мен технологиясы туралы білімді қолдана отырып, оңтайлы құрамдарды негізді таңдау.

ОН 5 Минералдар мен тау жыныстарын, жасанды және техногендік материалдарды сәйкестендіру, оларды баяу балқитын металл емес және силикатты материалдар өндірісінде шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігін негіздеу.

ОН 6 Негізгі технологиялық және жылу техникалық жабдықтарды есептеу мен іріктеуді жүзеге асыра отырып, силикат саласының өнеркәсіптік кәсіпорындарын жобалау, еңбекті қорғау, еңбек қызметінің қауіпсіздігі және өнеркәсіптік экология жөніндегі заңнаманы, ақпараттық процестерді іске асырудың техникалық және бағдарламалық құралдарын, ақпаратты автоматтандырылған өңдеу технологиясын білуін көрсету.

ОН 7 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдар технологиясының физика-химиялық негіздері туралы білімдерін көрсете отырып, шикізат сапасы, өндірістің технологиялық параметрлері және дайын өнім сапасы арасында байланыс орната отырып, өндірістің технологиялық процесін басқару.

ОН 8 Шикізаттың сапалық көрсеткіштерін, жартылай фабрикаттардың технологиялық сипаттамаларын; дайын өнімнің химиялық, механикалық, техникалық қасиеттерін анықтау, ғылыми зерттеу әдістерін қолдану, өнім сапасын талдау және өндірістегі ақау себептерін анықтау тәсілдерін көрсету.

ОН 9 Аналитикалық шолуды және патенттік іздеуді орындауды, шикізат құрамдарын негізді іріктеуді, зерттеудің физика-химиялық әдістерін пайдалануды; алынған нәтижелерді жоспарлау мен талдауды, ғылыми-техникалық құжаттарды жасауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру.

ОН 10 Қосымша білім беру шеңберінде, оның ішінде өндірісті ұйымдастыру және басқару саласында алған білімдерін, іскерліктерін, дағдылары мен құзыреттерін кәсіпкерлік дағдыларды, өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінің экономикалық заңдылықтарын және белгісіздік жағдайында жұмыс істеу дағдыларын пайдалана отырып тиімді қолдану.

ОН 11 Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, өзін-өзі тәрбиелеу , өзін-өзі дамыту, өмір бойы салауатты өмір салтын ұстану қабілеттерін көрсету.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.