6B07101 Керамика, шыны және тұтастырғышдардың материалтануы мен сараптамасы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В07101 - Керамика, шыны және тұтастырғышдардың материалтануы мен сараптамасы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6В07   Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6В071  Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

В061  Материалтану және технологиялар

Оқыту тілі

қазақша, орыс

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Материалтану және керамика, шыны мен цементтен жасалған бұйымдарды сараптау саласында тиімді кәсіби қызметке қабілетті талап етілетін бакалаврларды дайындау

Берілетін дәреженің атауы

«техника және технология бакалавры»

Кәсібиқызмет саласы

-     Құрылыс

-     Өндірістік және техникалық

-     Бизнес

-     Ғылыми және өндірістік

-     Ғылыми зерттеу

-      Сараптамалық және аналитикалық

Оқыту нәтижелері

ОН1 Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін қолдана отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2 Жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және инженерлік-техникалық білімдерді; керамика, шыны және тұтастырғыш материалдар өндірісінде деректерді математикалық өңдеу, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістері мен экономикалық талдау элементтерін қолдану.

ОН3 Керамика, шыны және тұтастырғыш материалдарды алу үшін шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігін негіздей отырып, минералдар мен тау жыныстарын сәйкестендіру.

ОН4 Шикізатқа, жартылай фабрикаттарға және силикат материалдарына кешенді зерттеулер жүргізу, олардың қасиеттерінің химиялық құрамына, құрылымына, өңдеу әдістеріне тәуелділік заңдылықтарын зерттеу, соңғы физика-химиялық әдістерді және заманауи техникалық өлшеу құралдарын қолдану

ОН5 Химиялық инженерия және материалтану негіздерін, технологиялық процестерді математикалық үлгілеуді қолдана отырып, шихтаның оңтайлы құрамын негіздеп таңдап, керамика, шыны және тұтастырғыш материалдарды синтездеу.

ОН6 Компьютерлік графиканың есептеу, бағдарламалық және техникалық құралдарын қолдана отырып, технологиялық және жылу-техникалық жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, керамика, шыны және тұтастырғыштардың заманауи қауіпсіз, экологиялық таза диджитал, смарт өндірісін жобалау

ОН7 Академиялық хат білімін қолдана отырып, керамика, шыны және минералды тұтастырғыш материалдарға сараптамалық зерттеулер жүргізу

ОН8 Силикат материалдары мен бұйымдарына арналған қолданыстағы стандарттардың техникалық шарттарына сәйкес технологиялық процесті жүзеге асыру үшін оңтайлы параметрлерді таңдау

ОН9 Стандарттық және стандарттық емес жағдайларда әрекет ету; академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсіне отырып, өндірістік шешімдер мен жеке іс-әрекеттер үшін әлеуметтік және этикалық жауапкершілікті көтеру, жеке де, командада да тиімді жұмыс істей отырып, өз көзқарасын білікті қорғай алу

ОН10 Өз білімін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу, өмір бойы салауатты өмір салты қабілеттерін көрсету

ОН11 Қосымша білім беру шеңберінде алынған білімді, іскерлікті, дағдыларды және құзыреттілікті тиімді қолдану


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.