7M07222 Металлургия
БББ ПАСПОРТЫ
|
БББ атауы |
7М07222 - «Металлургия» |
|
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
7М07 – Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
|
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
7М072 – Өндірістік және өңдеу салалары |
|
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
М117 – Металлургиялық инженерия |
|
Оқыту тілі |
қазақ, орыс, ағылшын |
|
БББ көлемі |
120 кредит |
|
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
|
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
|
БББ мақсаты |
Түсті және қара металдар металлургиясы саласында ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметті жоспарлауға және орындауға қабілетті терең ғылыми және педагогикалық білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау. |
|
Берілетін дәреженің аталуы |
«техника ғылымдарының магистрі» |
|
Кәсіби қызмет саласы |
Кәсіби қызметтің негізгі саласы – түсті және қара металлургия болып табылады, соның ішінде концентраттар алу мақсатындағы рудалар өндіру үдерістері, металдар мен балқымалар, металл бұйымдар алу үдерістері, табиғи, техногенді және екіншілік шикізаттарды кешенді өңдеу салалары болып табылады. |
|
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Шет тіліндегі білімін пайдаланып, ақпараттық ресурстарды тарта отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және қорытындылау; ғылым тарихы мен философиясы саласындағы тұтас жүйелі дүниетаным мен білімге негізделген кешенді және пәнаралық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу. ОН2 Академиялық, ғылыми-әдістемелік қызметті қолданыстағы, перспективті және инновациялық технологиялар, кәсіптік оқытудың құралдары мен әдістері негізінде, оқу процесінде ғылыми білімді қолдана отырып, практикалық іскерлік пен дағдыларды игере отырып жүзеге асыру. ОН3 Металлургия өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайын талдау негізінде технологиялық процестерді автоматтандырудың жоғары дәрежесі бар тиімді жабдықтармен жабдықталған прогрессивті технологияларды енгізу. ОН4 Үлкен деректерді талдау үшін ғылыми, қолданбалы зерттеулердің және жасанды интеллекттің озық әдістерін қолдана отырып, металлургия саласындағы ағымдағы және перспективалы ғылыми-өндірістік міндеттерді дербес шешу үшін ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру. ОН5 Металлургиялық процестерді математикалық және термодинамикалық модельдеуді қолдану арқылы, біртұтас технологиялық шикізаттың жаһандық принципін жүзеге асыра отырып, кәсіби деңгейде қалдықсыз технологияларды құру. ОН6 Жасанды интеллект алгоритмдерін және жаңа ортада құрылған технологияларды коммерцияландыруменжәне енгізумен теориялық, қолданбалы, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді көздейтін қара және түсті металдар металлургиясында инновациялық технологияларды құру траекторияларын меңгеру. ОН7 Шикізатты кешенді пайдалану тұрғысынан металлургиялық инновациялық технологиялардың техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау. ОН8 Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жүйелеу және талдау, оларды қорытындылау және ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді кәсіби мамандарға да, сәйкес салалардағы мамандарға да дер кезінде жеткізу. ОН9 Адам ресурстарын басқару психологиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, өндірістік, шаруашылық, қаржылық-шаруашылық қызметті тиімді басқару. |
