6B07172 Мұнай және газ өңдеу технологиясы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6B07172 Мұнай және газ өңдеу технологиясы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B071 Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

B060 Химиялық инженерия және процестер

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Мұнай мен газды өңдеу саласындағы озық технологияларды, заттар мен материалдарды, жабдықтарды әзірлеумен байланысты өндірістік-технологиялық, жобалық, ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асыруға қабілетті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау

Берілетін дәреженің аталуы

 «техника және технология бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

Ғылым, техника және өндірістің көп салалы секторы химия өнеркәсібінде әр түрлі материалдарды өндіруге арналған автоматтандырылған желілердің, агрегаттардың, машиналар мен аппараттардың құрылысы мен жұмыс режимдерін әзірлеуді, жобалауды, іске қосуды, баптауды, пайдалануды, жөндеуді және жетілдіруді қамтитын, сондай-ақ әскери-өнеркәсіптік кешен, жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерін, еңбекті қорғау нормаларын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықтарды енгізу негізінде өндірістің оңтайлы және орынды схемасын таңдау және негіздеу.

ОН2 Ақпараттық-коммуникациялық, цифрлық технологиялар және ақпаратты қорыту, талдау және қабылдау эксперименттік деректерін өңдеу дағдыларын меңгеру.

ОН3 Ғылыми экспериментті модельдеу және жүргізу әдіснамасын пайдалана отырып, мұнай және мұнай-химиясы саласында ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу.

ОН4 Талдаудың дәстүрлі және қазіргі заманғы физика-химиялық әдістерін пайдалана отырып, халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес мұнай мен газды қайта өңдеу шикізаттары мен өнімдеріне сапалық және сандық талдауды жүзеге асыру.

ОН5 Академиялық жазу мен академиялық адалдық мәдениетінің қағидаттарын ескере отырып, тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби орта мен әлеуметте еркін сөйлесу.

ОН6  Технологиялық қондырғыларды жобалау және модернизациялау кезінде материалдық және жылу ағындарын есептеу, мұнай мен газды өңдеу, өндіру, тасымалдау және сақтаудың негізгі және қосымша жабдықтарын іріктеу дағдыларын меңгеру.

ОН7 Өз бетінше білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өмір бойы салауатты өмір салты, командада жұмыс істеу дағдыларын, қызметтің нәтижелілігін ресімдеу дағдыларын көрсету.

ОН8 Кәсіптік қызметте жалпы білім беру, жаратылыстану, математика, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімдерін көрсету, деректерді математикалық өңдеу әдістерін, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін білуді меңгеру.

ОН9 Технологиялық регламентке сәйкес мұнай, газ және қатты жанғыш қазбаларды дайындаудың және өңдеудің технологиялық процестерін басқару және технологиялық процестердің негізгі параметрлерін, шикізат пен өнімнің қасиеттерін өлшеу үшін техникалық құралдарды пайдалану.

ОН10 Мұнай өңдеу процестерінің физикалық және химиялық заңдылықтары туралы іргелі білімді қолдана отырып, көмірсутек шикізатын ұтымды пайдалана отырып, мұнай мен газды қайта өңдеу өнімдерін алу.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.