6B07170 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В07170 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

6B07 – Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

6B071 – Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

B060 – Химиялық инженерия және процестер

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Өндірістік проблемаларды шешу, химиялық инженерия саласында жобалық және ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу қабілетіне ие бәсекеге қабілетті бакалаврлар даярлау. 

Берілетін дәреженің аталуы

"техника және технология бакалавры"

Кәсіби қызмет саласы

органикалық заттар өндіретін, мұнай, газ, көмір, полимерлер, эластомерлер және лак-бояу материалдарын өңдейтін кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу және жобалық салалық институттар, колледждер.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Ақпараттық және есептеу сауаттылығына, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау қабілетіне ие болу; кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде академиялық адалдық мәдениеті мен қағидаттарын түсіне отырып, еркін қарым-қатынас жасау.

ОН2 Кәсіби қызметте жаратылыстану, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімдерді, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін пайдалану.

ОН3 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету.

ОН4 Органикалық қосылыстар өндірісінің қазіргі жағдайын талдау және ғылым мен техниканың заманауи жетістіктері негізінде қолданыстағы технологиялық процестерді жетілдіру және жаңасын әзірлеу жолдарын таңдау.

ОН5 Технологиялық регламентке, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі қағидаларына және еңбекті қорғау нормаларына сәйкес көмірсутекті шикізатты қайта өңдеудің технологиялық процесін басқару.

ОН6 Химиялық және физика-химиялық талдау әдістерін пайдалана отырып, шикізат пен көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу өнімдеріне сапалық және сандық талдау жүргізу.

ОН7 Экономикалық және экологиялық факторларды ескере отырып көмірсутекті шикізатты өңдеу процестерінің заңдылықтары негізінде өндірістің ұтымды технологиялық схемасын таңдау және негіздеу.

ОН8 Материалдық және жылу баланстарын құрастыру, технологиялық схеманың негізгі және қосалқы аппараттарын есептеу және жобалау мен құрал-жабдықты жаңғырту кезінде оларды таңдау дағдыларын меңгеру. 

ОН9 Теориялық және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және орындау, деректерді математикалық өңдеу әдістерін қолдана отырып алынған нәтижелерді түсіндіру және тұжырымдар жасау

ОН10 Зерттеулік, кәсіпкерлік дағдыларды қолдана отырып, өндірістік мәселелерді шешуде дербестік таныта келе жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өмір бойы біліктілікті арттыру.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.