6B07360 Кадастр
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В07360-Кадастр |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6В07–Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6В073-Сәулет және құрылыс |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В075-Кадастр және жерге орналастыру |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
Жер- кадастрлық жұмыстарын заманауи технологиялармен жасау, жылжымайтын мүлікті бағалау, тіркеу саласында білікті кадрларды даярлау |
Берілетін дәреженің аталуы |
«Техника және технологиялар бакалавры» |
Кәсіби қызмет саласы |
Жер кадстрының құрылымы, жер қатынастарын рационолды қолдану және ҚР кадастрлық ресурстарын қорғау және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласы болып табылады. |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 Академиялық жазуды және академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби ортада және қоғамда еркін сөйлесу. ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету. ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығы, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілеттерін меңгеру. ОН4 Геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды, жердегі геодезиялық зерттеулерді орындау. ОН5 Кадастр және ГАЖ жүйелерін жүргізу, жер-кадастрлық карталарды құру, жасау және жүргізу жүйесіндегі географиялық ақпаратты өңдеу. ОН6 Жер баланстарын, жер-кадастрлық құжаттар мен карталарды, мелиорация және жерді жақсарту жобаларын жасау. ОН7 Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды сипаттау және жүргізу ОН8 Жердің жай-күйіндегі өзгерістерді анықтау, теріс процестердің салдарын болжау, алдын алу және жою, ұсыныстар әзірлеу үшін жер мониторингін жүргізу. ОН9 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес топырақты банитеттеу және жерді бағалау (кадастрлық, нарықтық, салық салу мақсатында және т. б. ) бойынша жұмыстарды жүргізу және жерді бағалау және жерді есепке алу іс-шараларын орындау ОН10 Жоспарланған фотограмметриялық материалдарды құру үшін жерді қашықтықтан зондтаудан алынған мәліметтерді өңдеу және аэроғарыштық түсірілімдерді жасау дағдыларын меңгеру. ОН11 Жер ресурстарын тиімді пайдалануды есептеу және аяқтау, қажетті экономикалық шығындарды ескере отырып, жерге орналастыру кәсіпорындарының жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру; ОН12 Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өзін-өзі тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын көрсету. |