7M05126 Ветеринарлық биотехнология

БББ ПАСПОРТЫ

 

БББ атауы

7М05126-Ветеринарлық биотехнология

 

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М082 Биотехнология

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

 -

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

 -

БББ мақсаты

отандық және шетелдік жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын ветеринария және биотехнология саласында басқарымдық-ұйымдастырушылық машықтары бар сұранысқа ие ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

«жаратылыстану ғылымдарының магистрі»

Кәсіби қызмет саласы

-   ғылыми-зерттеу институттары, басқарымдық-ұйымдастырушылық қызмет түрлері, өндірістік-технологиялық, эксперименттік-зерттеу,

-   жоғары, арнайы-орта және кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы ветеринариялық, биологиялық, зерттеу бағытындағы білім беру (педагогикалық) қызметі,

-    ветеринариялық қадағалау кәсіпорындарында және ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларында кеңес беру қызмет түрлері

-    ұйымдарда, ветеринариялық, биологиялық және ауылшаруашылық бағыттағы фирмаларда, биопрепараттар өндірісі

Оқыту нәтижелері

ОН1 ғылыми-педагогикалық дайындық мәселелері бойынша алған білімдерін көрсету, оқытудың заманауи әдістемелерін пайдалану, көшбасшылық және басқарушылық қасиеттерін қолдана отырып, сыни психологиялық жағдайларда оңтайлы нұсқаларын табу.

ОН2 заманауи инновациялық ғылыми зерттеу әдістерін қолдануда теориялық және практикалық білімді қолдану. Заманауи микробиологиялық зерттеулер негізінде оңтайлы шешімдерді ұсыну.

ОН3 биотехнологиялық өнеркәсіптегі ғылыми-зерттеу, биотехнологиялық және генетикалық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайы туралы терең білімге ие болу.

ОН4 кәсіби міндеттерді шешудің тиімді жолдарын қолдану, баламалы-креативті ойлай білу машығын дамыту.

ОН5 аса қауіпті инфекциялар кезінде зертханалық-диагностикалық зерттеу әдістерін талдау және шығарылатын биологиялық препараттар мен дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды жүзеге асыру. 

ОН6 нанотехнология негіздері мен биотехнология жетістіктерін қолдана отырып, патогендік биологиялық агенттермен жұмыс жүргізетін өнеркәсіптік, ғылыми-зерттеу және микробиологиялық зертханаларда биологиялық қауіпсіздікті жүйелеу

ОН7 заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ақпараттық-талдау және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізу; кәсіби қызмет саласында ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдалану.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.