6B09111 Ветеринарлық медицина

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ

 

БББ мақсаты

жануарлардың ауруларын диагностикалау емдеудің заманауи әдістерін меңгерген, жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын еңбек нарығының бәсекелестігіне дайын, кәсіби қызметіне қабілетті ветеринар мамандарды даярлау

БББ міндеттері

-қоғамда әлеуметтік-жауапкершіліктік тәртіпті қалыптастыру, кәсіби әдеп нормаларын түсіне білу және оны сақтау;

- бүкіл өмір бойы оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін, кәсіби мансапта кездесіп отыратын  барлық өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын  базалық бакалавр дайындығын қамтамасыз ету;

-жалпы жоғары интеллектуалдық даму деңгейіне жету үшін жағдай жасауды,  сауатты, әрі жетік сөйлей білуді, ойлау мәдениеті мен ветеринария саласында еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларымен қамтамасыз ету;

- интеллектуалдық, физикалық, рухани, эстетикалық жағынан дамуы, олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін немесе келесі оқу деңгейлерінде оқуын жалғастыруларына жағдай жасау.

 

БББ үйлесімділігі

 

• Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік шеңберінің 6-шы деңгейі;

• 6 -шы біліктілік деңгейінің Dublin Descriptors;

• Еуропалық жоғары білім кеңістігі біліктілік шеңберінің 1-ші циклі (A Framework for Qualification of the European Higher Education Area);

• Өмір бойы білім алудың Еуропалық біліктілік шеңберінің 6-деңгейі (The European Qualification Framework for Life long Learning).

БББ кәсіби саламен байланысы

Ветеринарлық қызметтің кәсіби стандарттары (01.21.2014ж. № 20/39) және 2018 жылғы 31 қазандағы стандарт.

Мал өсірудің кәсіби стандарттары («Түйені сүт бағытында өсіру», «Ірі қараны  сүт бағытында өсіру», «Қой мен ешкілерді өсіру» және  «Құс өсіру»). бастап 26.12.2013 ж . №263
Жер бетіндегі жануарлардың денсаулығы туралы кодекс, I және II тақырыптар, жиырма сегізінші басылым, 2019 жХЭБ-ның  ұсыныстары «Ұлттық ветеринарлық ұйымдарда сапалы жұмыс жасауды қамтамасыз ету мақсатында ветеринария факультеттерін бітірушілерге қойылатын біліктілік талаптары туралы нұсқаулық.

 

Берілетін дәреженің атауы

Осы БББ сәтті аяқтағаннан кейін бітірушіге  «6В09111 Ветеринарлық медицина » білім беру бағдарламасы бойынша    ветеринария маманы  беріледі.

Біліктілік пен лауазымдар тізімі

Біліктілік анықтамасындағы басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2020 жылдың 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген

Кәсіби қызмет саласы

- әртүрлі бағыттары мен меншік нысандарында өсірілетін жануарлардың, құстар мен балықтардың жұқпалы емес, инвазиялық және індетті ауруларын диагностикалау;

-   емдеу және алдын-алу; адамдарға және жануарларға тән аурулардың алдын алу (антропозооноз);

-   ауру жануарлар мен өлі жануарлар арқылы жұғатын ауру қоздырғыштарынан қоршаған ортаны қорғау саласы.

Кәсіби қызмет нысандары

-   ауылшаруашылығы өндірісі саласына жататын шаруашылықтардың барлық түрлері;

-   көлік, цирктер, ипподромдар, мемлекеттік қызмет, асыл тұқымды бірлестіктер;

-   ветеринарлық емдеу орындары,  дәріханалар, лабораториялар, хайуанаттар бағы, қорықтар, ет комбинаттары;

-   биологиялық комбинаттар және басқа да биологиялық белсенді заттарды даярлайтын және олардың сапасын бақылайтын кәсіпорындар;

-    мемлекеттік ветеринарлық қызмет мекемелері;

-    ветеринарлық, биологиялық бағыттағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары;

-   әскери ветеринарлық қызмет;

-   білім беретін оқу мекемелері

Кәсіби қызмет пәні

ауыл шаруашылық малдың, құстың, балықтың барлық түрлері, ауруларды балау, емдеу және алдын алу үшін қолданылатын құрал-жабдықтар, приборлар, медикаменттер, биопрепараттар, химиялық реактивтер, биологиялық белсенді заттар, диагностикумдер, макро және микропрепараттар, мал өнімдері, сабақ өткізуге қажетті техникалық құралдар; ғылыми жұмыс жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар, мал азығы, мал өрісі, су көздері.

Кәсіби қызмет түрлері

-        технологиялық-ұйымдастырушылық;

-        өндірістік-басқарушылық;

-        емдеу;

-        ғылыми- жобалау;

Техникалық-ұйымдастырушылық саласында

ауру мал мен құстарға жалпы клиникалық және лабораториялық тексеру жүргізуді, оның ішінде, ветеринарлық лаборант маманы ретінде; ауылшаруашылық малдары мен кұстарының жұқпалы және жұқпалы емес ауруларын, улануларын, олардың этиологиясын, патогенезін және лабораториялық зерттеу қорығындыларын негізге ала отырып, тірі және өлгеннен кейінгі ажыратып балауды; барлық малдар мен құстарда кездесетін ауруларға емдеу әдістерін белгілеуді және емдеу жұмыстарын жүргізуді; мал өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау жүргізуді;

Өндірістік-басқарушылық саласында

Қазақстан Республикасы территориясында "Ветеринария туралы заңды" сақтауды, бақылауды, ветеринарлық қызметкерлер мен мал шаруашылығы саласында жұмыс істейтін басқа тұлғаларды малмен, құспен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздік ережелерін үйрету және оны бақылау; биологиялық белсенді заттармен қосындыларды, мал өнімдері мен өсімдік тектес өнімдерді өндіру және тарату барысында ветеринарлық санитарлық ережелердің сақталуын бақылау;

Емдеу саласында;

инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларды емдеу мен алдын-алуды ұйымдастыру және бақылау, дәрілік шикізаттардың, дәрі-дәрмектер мен биологиялық препараттардың; вакциналар, сарысулар, диагностикумдар және басқа биологиялық белсенді заттар мен қоспалардың өндірісі мен қолданылуын бақылау; дәрілік заттардың маңызы, олардың жануарлар ауруларының алдын-алу және емдеу, олардың өнімділігін жоғарылату үшін әсер ету механизмін зерттеу

Ғылыми- жобалау саласында

 ветеринарлық және биологиялық бағыттардағы ғылыми зерттеу мекемелерінде эксперименттер, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;

ветеринарлық емдеу мекемелерін, лабораторияларын, дәріханаларын, мал, құс қораларын салуға қатысып, қажетті жоба-кұжаттарын дайындау.

Оқыту нәтижелері

ОН1 Академиялық адалдықтың принциптері мен мәдениетін түсіне отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау

ОН2 Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды, ғылыми және эксперименттік зерттеулердің әдістерін көрсету

ОН3  Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу.

ОН4 Жануарлардың, құстардың анатомиясы мен физиологиясын, ағзалардың микроскопиялық және химиялық құрылымын, ветеринарлық терминологияны білу.

ОН5 Аурудың дамуы мен нәтижесін; патанатомиялық сойып-жару әдістерін, консервілеу және патологиялық материалды жөнелтуді білу.ОН6 Зоогигиеналық, профилактикалық және ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жоспарлау, малды күтіп-бағу, азықтандыру және мал басын көбейту

ОН7 Емдеуге арналған препараттарды таңдау, дәрілік заттар мен улы заттарды қолданудың оңтайлы тәсілдерін анықтау, биологиялық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

ОН8 Терапиялық, хирургиялық және акушерлік-гинекологиялық процедуралар мен әртүрлі этиологиялы аурулары бар жануарларды емдеу үшін манипуляциялар жүргізу.

ОН9 Бактериологиялық, вирусологиялық, иммунологиялық зерттеулер жүргізу, жануарлар мен құстардың инфекциялық, инвазиялық ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын-алу

ОН10 Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жануарлардан, құстардан, өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттардың қауіпсіздігі мен сапасына инспекциялық және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу

 ОН11 Жануарлардың ақпараттық мәліметтер базасын пайдалана отырып, ветеринариялық қызмет пен менеджментті, шекарадағы ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру жұмыстарын жоспарлау

ОН12 Анықталмаған белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік және кәсіби дағдыларын қолдану

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.