7M05220 География

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

7М05220 География

Білім беру саласының коды мен жіктелуі

7М05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі

7М052 Қоршаған орта

Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы

М084 География

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

БББ көлемі

120 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

География саласында ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметті жоспарлауға және орындауға қабілетті, терең ғылыми және педагогикалық білімі бар жоғары білікті магистрлерді даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі 

Кәсіби қызмет саласы

Ғылыми-зерттеу, жобалау, өндірістік, бақылау-сараптамалық, әкімшілік және педагогикалық қызметті ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік басқару органдары кәсіби қызмет саласы.

Оқыту нәтижелері

ОН1. Ғылым философиясының ережелері мен категорияларын қолдана отырып, біртұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде жаратылыстану ғылымының әртүрлі фактілер мен құбылыстарының дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерін талдау.

OН2. Тұлғааралық қарым-қатынаста және кәсіби қызметте шет тілін меңгергендігін көрсету.

ОН3. Ұйымдағы персоналдың дамуы мен қалыптасуын бағалау, бұқаралық мінез-құлықты басқарудың әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру.

ОН4. География саласында оқытудың тиімді әдістерін қолдану, Жоғары мектеп мұғалімінің еңбегін ғылыми ұйымдастыруды сыни тұрғыдан бағалау.

ОН5. Физикалық-географиялық әдістерді қолдана отырып, аймақтық және жаһандық геоэкологиялық мәселелерді шешу үшін географиялық бағыттағы зерттеу қызметін қолдану.

 ОН6.Географиялық зерттеулер мен өңірлік және ғаламдық деңгейде табиғи, табиғи-антропогендік, экономикалық және аумақтық-өндірістік жүйелердің сараптамасын жүргізуде ГАЖ технологиясы мен экологиялық сараптамаларды қолдану.

ОН7. Табиғи және техногендік процестердің алуан түрлілігін қалыптастыратын географиялық зерттеулердің заманауи мәселелерін негіздеу және шешу.

РО8. Ғылыми географиялық зерттеулер саласындағы іргелі кәсіби міндеттерді шешудің географиялық таным әдістері мен жоспарлау технологияларын меңгеру және қолдану, зерттеу нәтижелерін негіздеу.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.