“Жас ақындар” клубы

  Әбілкәрім Нұрлыбек Жалғасбекұлы «Жас Ақындар» ұйымының төрағасы

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 2012 жылы Қазан айында «Жас Ақындар» ұйымы құрылған болатын.
Ұйымның мақсаты университет студенттерінің уақытын тиімді пайдаланып,  тіл ілгерлігі, ұйқас шеберлігіне және патриоттық сезімді тәрбиелеу болып табылады. 

           

Ұйым университеттік, қалалық және облыстық мүшәйра жеңімпаздарын тәрбиелеуде. Жас ақындар терең шежіреден сусындап, оқу ордамыздың абыройын көтеріп, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуда.    

      Ұйым облыстық «ПОЭЗИЯ-2017» мүшәйрасының ІІ-орын иегері. 

Республикалық «Шырайлым Шұбайқызылым» додасының жүлдегері. «Мен Жастарға Сенемін» Республикалық жас ақындар байқауының ІІ-орын иегері. 

Сонымен қатар көптеген қалалық және облыстық мүшәйралардың ұйымдастырушысы.

 

Мен студентпін ОҚМУ-дан нәр алған

Білімге құштар, белсенділікке жаралған

Жетпіс жылдан асып түскен тарихы

Ерте кезден Жерұйық боп саналған

 

Әлемге айқын ОҚМУ-дың беделі

Білім екен фәниде ең керегі

Патшамда айтқан жасампаз даналықпен

Оңтүстігім бір өмірдің мекені

 

Ректорым бар, жастардың жанашыры 

Жаңа ғасыр талабына жоспар ұлы

Қазақ үшін қызмет еткен қайраткер

Мырқалыков Жұмахан Үшкемпірұлы

 

Он жеті мың студенттерді қамтитын

Мәңгілік Ел көші алға жылжитын

Білім мен қатар отан сүйгіштік жүректе

Сенсің ОҚМУ, бүкіл Алаш танитын

 

Білімім бар, бәсекеге дайынмын

Орман шөпте, Қазақ үшін қайыңмын

Соқсада дүлей күштер дауылды

Арғымақ боп, алға шабар тайыңмын

 

Дұрыс болар білімге қарай бой ұсыну

Ағалардың ақ жолына қосылу

Патша алдында кеуде соғып айтар едім

Бар мадаққа лайықты біздің ОҚМУ

 

Нұрлыбек Жалғасбекұлы Әбілкәрім

«Жас Ақындар» ұйымының төрағасы


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.