6B03211 Кітапханалық-педагогикалық қызмет
БББ ПАСПОРТЫ
БББ атауы |
6В03211 Кітапханалық-педагогикалық қызмет |
Білім беру саласының коды мен жіктелуі |
6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат |
Даярлау бағыттарының коды мен жіктелуі |
6B032 Журналистика және ақпарат |
Білім беру бағдарламаларының (БББ) тобы |
В043 Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі |
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс, ағылшын |
БББ көлемі |
240 кредит |
Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері |
- |
Серіктес-ЖОО (ҚББ) |
- |
БББ мақсаты |
оқуды басқаруда психологиялық-педагогикалық процестерді талдай және жүзеге асыра алатын сандық технологиялар негіздерімен кітапханалық-педагогикалық және ақпараттық қызмет саласында кадрлар даярлау. |
Берілетін дәреженің аталуы |
әлеуметтік білім бакалавры. |
Кәсіби қызмет саласы |
кітапханалық - библиографиялық практика; - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және ҚР ҒжЖБМ барлық типтегі және түрдегі кітапханалары. - ғылыми мекемелердің кітапханалық-ақпараттық орталықтары; - мамандандырылған кітапханалар; -әр түрлі мақсаттағы ақпараттық-талдау бөлімдері, білім беру мекемелері. |
Оқыту нәтижелері |
РО1 академиялық жазу және адалдық қағидаттарын қолдана отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау; РО2 дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, әдептілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсету; RO3 ақпараттық және цифрлық сауаттылыққа, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау қабілетіне ие болу, кітапхана сайттарын құру, электрондық кітапханалардың ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану; РО4 ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу және оқуға тарту саласында ұлттық бағдарламаларды іске асыру, жеке тұлғаның мәдени сәйкестілігін және мәдениетаралық өзара іс-қимылды қалыптастыру, әлемдік әдебиет білімін пайдалану білігі; РО 5 ақпараттық және құжаттық ресурстарды, ақпараттық-іздестіру жүйелері мен дерекқорларды қалыптастыру, өңдеу, жіктеу; РО6 Кітапханатану және библиографтану теориясы мен әдіснамасы негізінде кітапханалық-ақпараттық қызметті орындау, кітапханалық-библиографиялық зерттеулер бағдарламаларын әзірлеу, кәсіби кітапханалық-ақпараттық стандарттардың талаптарын сақтау; РО7 білім беру мекемелерінің ерекшеліктеріне сәйкес оқуға және тәрбиелеуге тарту үшін ғылыми-танымдық, көркем, анықтамалық әдебиеттердің кітапхана қорын қалыптастыру және пайдалану; RO8 кітапхана-ақпараттық ресурстардың сақталуын есепке алуға және қамтамасыз етуге байланысты технологиялық процестерді басқару; РО9 ақпараттық–кітапханалық ресурстарды пайдалана отырып, білім беру ұйымының мүмкіндіктерін, тұрғылықты жерін және өңірдің тарихи-мәдени ерекшелігін ескере отырып, кітапхана құралдарымен тәрбие-білім беру жұмысын, мәдени-демалыс және ақпараттық қызметтің әртүрлі түрлерін кәсіби ұйымдастыруға дайын; РО10 ақпараттық өнімдер мен қызметтердің сапасын бағалау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу технологияларын қолдану РО11 белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік жұмыс дағдыларын қолдану; RO12 өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өмір бойы салауатты өмір салтын жүргізу, командада жұмыс істеу дағдыларын көрсету, өз көзқарасын дұрыс қорғау. |