Студенттік өзін-өзі басқару “Студенттік Кеңес”

 

Студенттік өзін-өзі басқару «Студенттік Кеңес»
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы-5, Бас ғимарат, 107 бөлме
Сымтетік: 8(747) 829 73 03
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
vk.com/belsendyzhastar

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттік ректоры

Төлебай Бекзат Октябрьұлы

Телефон: 8 (747) 829 73 03

 

  Студенттік өзін-өзі басқару «Студенттік Кеңес» университетімізде 2002 жылы құрылған. «Студенттік Кеңестің» басқа қоғамдық жастар ұйымдарынан бір ерекшелігі әр айдың 20 жұлдызында университет бойынша  «Студенттердің өзін-өзі басқару» күнін өткізеді. Бұл күні университеттің ректоры, проректоры, декандардың орнына студенттер отырып, бір күн бойы барлық жұмысты студенттердің өздері атқарады.

Сондай-ақ студенттер мен олардың ата-аналарын түрлі сұрақтармен қабылдап, түрлі кездесулер өткізеді.  Бұл күні студенттердің сабаққа қатысуы, асханалар мен кітапханалардың жұмысы, жатақханалар т.с.с. көптеген тексерулер жүргізіледі. М. Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері Қазақстандағы ЖОО арасында алғашқы болып жастардың қызығушылығымен қажеттіліктерін тану және әлеуметтік маңызды бастамаларын жүзеге асыру үшін студенттердің құқықтары  жөніндегі Билль жобасын жасады.

Ұйымның мақсаттары мен міндеттері:

  • Университеттің студенттер қоғамын демократизациялау;
  • Студент жастар арасында азаматтық бағытты дамыту;
  • Жастардың шығармашылық белсенділігін және студенттердің  әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында  жауапкершілігін арттыру;
  • Студент жастарды университеттегі қоғамдық  сала мен ғылымға белсенді атсалысуға  қызықтыру;
  • Студенттердің бойындағы ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту;
  • Студенттердің бойында азаматтық құндылықтарды дамыту;
  • ҚР-ның Мемлекеттік жастар саясатында тіркелген концепциялық құқығын сақтауын  қамтамасыз ету;
  • Студенттердің оқу процесінде пайда болатын мәселелерін анықтау;
  • Жемқорлықты анықтау, оның алдын алу және күресу;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Жастарды көшбасшылыққа, патриоттыққа тәрбиелейтін, ұйымдастырушылық қасиетін арттырға бағытталған бағдарламаларды дайындау және оларды жүзеге асыру.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.