Жатақхана 2022-2023 оқу жылына




Ағымдағы жылдың 26.09-05.10.2022 ж. аралығында университетіміздің «Әлеуметтік зерттеулер бөлімі» «ОҚУ-нің студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы» атты сауалнама өткізді.
Студенттердің жатақханадағы әлеуметтік ахуал мен тұрмыс жағдайына көзқарасы, оны бағалауы, жатақханадағы жауапты қызметкерлермен қарым-қатынасы, жатақханадағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуін сараптау, өйткені бұл жоғары оқу орнындағы оқытудың сапасына тікелей әсер етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- Жатақханадағы студенттердің тұрмыс жағдайына қанағаттануын бағалау;
- Студенттердің сабақтан тыс уақыттағы және жатақханадағы тәрбие жұмысының орындалуын сараптау;
- Жатақханада кездесетін ең негізгі мәселелерді анықтау;
- студенттердің өмір сүру деңгейін және олардың оқу қызметі үшін әлеуметтік көңіл-күй жағдайларын бағалау.
Зерттеу жүргізу объектілері: ОҚУ-нің №1,2,4,5 жатақханалары.
Сауалнаманы өткізудің әдісі: жатақханаларда тұратын студенттерге электронды сауалнама жүргізу. Сауалнамалық сұрақ-жауап.
Зерттеу барысында ОҚУ-нің №1, 2, 4, 5 жатақханаларында тұратын барлығы 1203 студенттен 731 студент сауалнамаға қатысты. Сауалнамаға қатыстқан студенттердің үлесі 60% құрады.
Жалпы жатақханалардағы қалыптасқан жағдайға респонденттердің 92,3%-ы қанағаттанатынын көрсеткен.
2022 жылғы 26 қазандағы декан сағатының отырысында қаралды, №4 хаттама.