Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы

Орталық бастығы

Байжанова Сұлушаш Бaлабиқызы

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы:160012, Шымкент қаласы,Тауке-хан даңғылы 5,

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 3 ғимарат, 204 кабинет

Телефон: 8-7252-30-01-69

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Орталық жаңалықтары

 

Жалпы мәліметтер

 

   

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасындағы магистр мен докторларды даярлаудың жетекші орталығы болып табылады.
Университет Орталық Азиядағы жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып 2008 жылы университеттердің Ұлы Хартиясына (МаgnaCharta) қосылды және кадрлар даярлаудың қазіргі заманғы үш сатылы «бакалавриат-магистратура-PhD докторантура» жүйесіне толығымен өтті.
Магистратурада білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау ғылыми-педагогикалық және бейіндік  бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты жоғарғы оқу орындары үшін және ғылыми – зерттеу секторлары үшін терең  ғылыми - педагогикалық  дайындығы бар кадрлар дайындайтын жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Магистратураның бейіндік  бағыттағы түрі өндіріс орындары мен сәйкес мамандық сфераларына тереңдетілген білімі бар кадрларды дайындайды. Магистрант диплом алу үшін теориялық білім алумен қатар, іс тәжірибеден өтіп, дипломдық жоба қорғайды.
PhD докторантура - магистратурадан кейінгі білім беру бағдарламасына бағытталған.  Білімнің бұл саласы - заманауи инновациялық технолоргиялар негізінде әлемдік ең үздік тәжірибелерге сүйене отырып жоғары квалификациялы ғылыми мамандар дайындайтын сала, докторанттар тек қана мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды.  
PhD докторантура халықаралық талаптарға және Болон процесінің принциптеріне сәйкес ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау үрдісін жетілдіруді қамтамасыз етеді. PhD докторанттарға тек республикамызда емес, сонымен бірге шет елдерде де кеңінен танымал жетекші ғалымдар, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінен шет елдік серіктестері де ғылыми жетекшілік жасайды.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде магистратура мен доктарантураны оқытудың ғылыми-ізденушілік бағыттары халықаралық талаптарға сай қарқынды жолға қойылған. Магистратура жіне доктарантураның білім беру бағдарламалары университет пен шетелдегі алдыңғы қатарлы білім және ғылым ұйымдарымен тығыз байланыс орнатумен жүзеге асырылады.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ магистранттары университеттің кең көлемдегі халықаралық байланыстарының арқасында магистранттар шетелдегі жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында білім алуға және тәжірибеден өту үшін шетелге шығуға мүмкіндіктер бар. Университетте магистранттар мен доктаранттар үшін жыл сайын шетелден шақырылған профессорлар дәріс оқиды.

    

                                   

2011 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ 3 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеудің аудитінен өтіп, ASIIN (Германия) агенттігімен 5 жылға акредиттелді.
6М070200 – «Автоматтандыру және басқару»;
6М070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»;
6М071800 – «Электр энергетикасы».


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.