6B01910 Дефектология
«Психология және арнайы педагогика» кафедрасында студенттердің ғылыми практикалық конференциясы.
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және педагогика» факультетінде танымал Coursera платформасының білім беру курстары басталды. Бастама жоғары білім беру сапасын бәсекеге қабілетті деңгейге көтеру және қазақстандық студенттердің әлемдік білім ақпаратына қолжетімділігін ашу мақсатында жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі әсері қазақстандық студенттерге халықаралық білім беру платформаларындағы курстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Courser платформасында әлемдік деңгейдегі университеттерді немесе жетекші салалық компанияларды (Стэнфорд, Колумбия, Дюк, Джонс Хопкинс, Йель, Мета, Google) ұсынатын беделді пән сарапшылары жасаған 10 000 курстар.
Аударылған 50 Courser курстары 9 саланы қамтиды: инновация, стратегиялық көшбасшылық және менеджмент, инженерияға арналған математика, маркетинг, логика және сыни ойлау, Python мамандануы, мансаптық жетістік мамандануы, механика, бизнес үшін киберқауіпсіздік. Бұл курстар психология, автоматтандыру және басқару, радиотехника, электроника және телекоммуникация, электр энергетикасы, сәулет, экономика, менеджмент, машина жасау, есеп және аудит және т.б. сияқты білім беру бағдарламалары шеңберінде қолданылады. Жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларының бөлігі ретінде Courser курстары жалпы психология, қолданбалы психология, басқару психологиясы, медиа коммуникация психологиясы, шығармашылық психология, стратегиялық инновациялар, инновациялық бастамаларды басқару, компьютерлік графика, архитектуралық графика және макет, бизнес негіздері сияқты пәндерде қолданылады. , автоматтандырылған басқару жүйелері кәсіпорын, физика, алгоритмдеу және бағдарламалау.
«Психология және арнайы психология» кафедрасында 6В03130 – «Психология» және 6В01910 – «Дефектология» мамандықтарының студенттері Абдулова Сабина, Ахметова Дияра, Шарахматова Шарахноз, Айропетян Хасмик, Тимурули Аян, Хайридинова Мусави, Хайридинова Мусави өз жұмыстарын сәтті аяқтады. келесі курстарда оқиды және сертификаттар алды: .Жетекші командалар: Көшбасшы ретінде даму / Топ көшбасшылығы: Көшбасшы ретінде даму, қиынырақ емес, ақылды жұмыс: Жеке және кәсіби келіссөздер өнері үшін уақытты басқару Қайтадан ойланыңыз I: Аргументтерді қалай түсінуге болады Ойлан Қайтадан I: Аргументтерді қалай түсінуге болады II Қайтадан ойланыңыз IV: Жалғандықтан қалай аулақ болуға болады/қайтадан ойланыңыз IV: Жалған пайымдаулардан қалай аулақ болуға болады, Шығармашылық құралдар жинағы I: перспективаларды өзгерту активі.
«Психология және арнайы педагогика» кафедрасында 6В01910- Дефектология, 6В01912-Сурдопедагогика ББ бойынша 3-4 курс студенттерінің кәсіптік практикадан сапалы өтуін қамтамасыз ету үшін 2022-2023 оқу жылында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
6В01910- Дефектология ББ бойынша 113 студент, 6В01912-Сурдопедагогика ББ бойынша 14 студент білім алуда.
3-4 курста білім бағдарламасында 3 практика түрі қарастырылған:
- Оқу-тәрбиелік-педагогикалық (3-курс);
- Өндірістік-педагогикалық (4-курс);
- Дипломалды (4-курс).
Студенттердің жоғарыда аталған практика түрлерін жоғары дәрежеде өтуі үшін келесі мекемелермен келісім-шарт түзілген:
- М.Жұмабаев атындағы №39 ЖБОМ;
- Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі;
- Қосалқы мектеп-интернаты;
- А.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы;
- Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернаты, Шымкент қ.;
- Tengri innovation school;
- №17 «Достық» балабақшасы КММ, Шымкент қ.;
- №28 «Гаухар» арнайы балабақшасы;
- №14 Айбек атындағы жалпы орта мектебі Шымкент қ.;
- Оңалту орталығы;
- «Балалық шақ кемесі 2» түзету балабақшасы;
- Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті №1;
- №32 «Еркін» арнайы балабақшасы;
- Парасат орта мектебі, Шымкент қ.
- Сайрам ауданының№1 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Шымкент қ.
- №68 арнайы мектебі (Өзбекстан);
- Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Түркістан обл., Қазығұрт ауданы.
- Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі, Түркістан қ.
«Дефектология» мамаңдығы бойынша студенттердің пәңдік байқауы.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, «Тарих және педагогика» факультеті, «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының «Жас дефектолог» студенттердің ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен «Дефектология» мамаңдығы бойынша «Менің мамаңдығым – мақтанышым» атты студенттердің пәңдік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: болашақ талантты жас мамандарды анықтау және қолдау көрсету, сонымен қатар арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді дайындау бойынша бірегей білім беру кеңістігін құру болып табылады және республикалық студентердің пәңдік олимпиадаға баратын студенттерді іріктеу.
2022 жылы 16 қарашада, сағат 12.00-де №7 корпустың акт залында
«Дефектология» мамандығы бойынша студенттердің пәндік байқауына 3-4 курс студенттері, «Күн шуақ», «Интеллект», «Демеу», «Бірлік» атты командалар қатысты.
Байқау бағдарламасына сәйкес, додаға қатысушылар 5 байқау кезеңдерін өткізді: «Өзін-өзі таныстыру», «Миға шабуыл», «Логопедиялық калейдоскоп», «Педагогикалық шеберлік», «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»(тестілеу кезені)
Командалардың даярлығы және байқаудың барлық кезеңдерінен өтуде студенттердің жоғары көрсеткіштері мен тамаша дайындығын көрсетті.
6.01-27.01.2023жж. аралығында «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент – Усенова А.М. және кафедра пс.ғ.к., доцент Шоманбаева А.О. қысқы мектеп аясында 72 сағат көлемінде «Инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оқыту нәтижелері» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті. Біліктілікті арттыруды ОӘБ және АкМЖД тарапынан ұйымдастырылды.
Бағдарламалық дәрістерді Наукенова А.С., Адырбекова Г.М., Курбанбеков Қ.Т. оқыды. Барлық тренингтер миға шабуыл, топтық жобаларды құру және қорғау сияқты әдістерді қолдана отырып, оқыту жұмысының интерактивті режимде ұйымдастырылды.