6B01561 География-Тарих
Мамандықты дұрыс таңдау – жарқын болашаққа жол!
07.04.2023 күні М. Әуезов атындағы ОҚУ «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Г.К. Отарбаева және аға оқытушы Е.Д. Пазилов Шымкент қаласында орналасқан колледждерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты. Аталмыш оқытушылар Шымкент көпсалалы колледжі, Этнопедагогикалық колледжі, Шымкент Жоғары педагогикалық колледжіндеріне арнайы барып, университет және кафедра мамандықтары жайлы ақпараттар берді. Колледж бітіруші түлектерімен өткізілген кездесу ашық әңгіме форматында ұйымдастырылып, іс-шара барысында мамандықтарды таныстыратын бейнероликтер көрсетілді және жарнамалық буклеттер таратылды. Кездесу соңында бітіруші түлектер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Бюджеттік бағдарлама бойынша: 217 «Ғылымды дамыту», 101 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру»Басымдық бойынша: «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (ХХІ ғасырдағы білім, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер). Жоба жетекшісі: Авизова А.К., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Іске асыру мерзімі: 2018-2020 жж Қаржыландыру сомасы: 19 642 512 теңге