ЖҮНІСБАЕВ МҮТӘН ЖҮНІСБАЙҰЛЫ

1933 жылы 24 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Георгневка (қазіргі Толеби) ауданы Чапаев атындағы үжымшарда туылған. 1968 жылы экономика ғылымдарының кандидаты, 1991 жылы профессор атағын алды.

Леңгір қаласындағы №1 орта мектепте білім алып, 1952-1957 жылдары С.М.Киров атындағы Қазак мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірді. Өзінің еңбек жолын 1957 жылы Георгиев аудандық атқару комитетінде бастады.

1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің үгіт-насихат бөлімін басқаруға жіберілді.

1961 жылдың желтоқсанынан Шымкент педагогикалық институтында ғылыми- педагогикалық қызметін аға оқытушы болып бастап, доңент, ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісіне дейін өсті.

1978-1996 жж. аралығында әл-Фараби атындағы Шымкент педағогикалық мәдениет институтының ректоры қызметін атқарды. 18 жылдық ректорлық қызметте өзін оқу-тәрбие үдерісі мен ғылыми зерттеу жұмыстарының шебер ұйымдастырушысы ретінде көрсете білді. Нәтижесінде институт республиканың ірі шығармашыл оқу орнына айналды. Оның басшылығымен институтта 2 жаңа факультет, 7 мамандық түрі ашылды. Сол жылдары институт КСРО-ның мәдениет және өнер саласындағы алдыңғы қатарлы оқу орындарымен ғылыми және шығармашылық байланыстар орнатты. Оқу орнына үлкен ғалымдар, сазгерлер, атақты мәдениет және енер қайраткерлері қонаққа жиі келіп түратын.

Куба, Монғолия, ГДР, Полыпа, Түркия елдері мен Мәскеу қалаларында онер көрсеткен «Фараби сазы» қазақ үлт-аспаптар ансамблі халыққа кеңінен танылды.

М.Ж.Жүнісбаевтың басшылығы тұсында оқу орнының материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайды. Заманауи оқу ғимараты мен оқытушыларға арналған 60 пәтерлік тұрғын үй күрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

М.Ж.Жүнісбаев отбасылық өмір салтының өзекті мәселелері жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 30 ғылыми және әдістемелік еңбегі, «Қазақстандағы отбасылық өмір салты» атты монографиясы баспа бетінде жарық көрді. Ол республика мәдениеті мен халыққа білім беру саласына сапалы ғылыми-педагогикалық мамандар даярлауға айрықша көңіл бөлді. Мәскеу, Санкт- Петербург, Ташкент мәдениет институттары мен Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясымен тығыз байланыстар орнатылды. Ол институтқа басшылық еткен жылдары мәдениет мамандығы бойынша көптеген педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейін көтеруге мүмкіндік жасалып, ғылым кандидаты, доцент, доктор, профессорлардың көбеюіне жол ашылды. Институтты бітірген он мыңдаған жас мамандар бүгінгі таңда Қазақстанның барлық облыстарында еңбек етуде, олардың арасында көптеген халық әртістері мен еңбегі сіңген әртістер, оқытушылар, сазгерлер, ғалымдар және мәдениет саласының қызметкерлері бар.

1996 жылы Шымкент қ. ЖОО-лардың М.Әуезов атындағы гуманитарлық университетке бірігуіне байланысты ректордың кеңесшісі және экономика теориясы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды

Мәдениет саласына және халыққа білім беру ісіне қосқан елеулі үлесі үшін М.Ж.Жүнісбаев Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен (желтоксан, 1983), «¥лы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен және де Кеңестер Одағының медальдарымен, «КСРО жоғары білім беру ісіндегі үздік жетістіктері үшін» (1982), «ҚазақКСР-і халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгілерімен (1977) марапатталған.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.