ИЗМАЙЛОВ АРКАДИЙ ВЛАДИМИРОВИЧ

1915 жылы 24 қарашада Калинин облысы Старицкий уезіне қарасты Ивановск селосында туылған. 1926 жылы Мәскеу қаласындағы №40 мектепке қабылданып, 1929 жылы жеті жылдық мектепті бітірді. Сонан соң Мәскеудегі фабрика-зауыт мектебінде оқып, бітіргеннен кейін «Снабавтодор» шеберханасында электромеханик болып жұмыс істеді. 1933 жылы комсомол мүшесі ретінде Мәскеу метросының құрылысына жіберілді.

1934 жылы комсомол ұйымы оған Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтына оқуға жолдама берді. 1939 жылы электрохимия өндірісінің инженер-технологы мамандығын алған оған «Металлохимзащита» атты Бүкілодақтық коррозиямен күрес ұйымына жұмысқа жолдама берілді.

1939 жылы қазанда Қызыл Әскер қатарына Ленинград әскери округінің запастағы 11 -ші танк полкіне шақырылып, 1940 жылдың мамырына дейін сонда қызмет атқарды. 1940 жылдың мамырынан 1941 жылдың қарашасына дейін жөндеу-қалпына келтіру батальонында электроцех бастығы, командирдің орынбасары қызметтерін атқарды. 1941 жылдың қарашасы мен 1945 жылдың тамызы аралығында Күнгей Кавказ әскери округінің Тбилиси гарнизонында көлік-бронды танк шеберханасында техникалық бөлім бастығы болды. 1945 жылдың тамызынан 1946 жылдың тамызына дейін Тбилиси қаласындағы аталмыш әскери округтің №13 автожөндеу заводында өндіріс бастығы қызметін атқарды.

Инженер-капитан А.В.Измайлов Гарнизон шеберханасы жағдайында аккумулятор пластинасын жасауда қорғасын секілді өте қат материалды қажет етпейтін жаңа әдісін ұсынды. Оның басшылығымен ескі аккумулятор пластиналары шикізат ретінде пайдаланылды. Қысқа уақыт ішінде қажетті жабдық жөнделіп, дайын болып, жаңа аккумулятор жасау ісі қолға алынды. Осылайша әскери техника мен автомобильдердің тұрып қалуына жол бермеді.

А.В.Измайлов 1946 жылдың қазанынан 1948 жылдың желтоқсанына дейін Машина жасау және прибор жасау КСРО Халық Комиссариатының «Техмаш» ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болды.

1948 жылдың қарашасында Д.И.Менделеев атындағы МХТИ-дың аспирантурасына түсіп, 1950 жылдың қараша айында диссертаңия қорғады, осы оқу орнының физикалық химия кафедрасына жұмысқа қалдырылды.

1951 жылдың акпанында Шымкент технологиялық институтына бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруға жіберілді. 1951 жылдың қазанынан 1957 жылдың қарашасы аралағында институт директорының оқу және ғылыми істер жөніндегі орынбасары болды. 1957-1958 жылдары - институт ректоры қызметін уақытша атқарды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.