Жаңалықтар
Эпиграф
- Қаралды: 577
2018 жылдың 25 қыркүйегінде Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттінің Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету орталығы мен «Эпиграф» баспа үйі бірлесіп оқу процесіне мультимедиялық электронды басылымдарды практикалық қолдану бойынша семинар-тренинг өткізді. Семинарға кафедра меңгерушілері мен пән мұғалімдерін қосқанда 16 адам қатысты. «Эпиграф» баспа үйінің директоры Павел Гриценко сөз сөйледі.
Электрондық оқу-әдістемелік басылымдарды қолдану дәстүрлі оқыту формаларын электронды оқыту элементтерімен біріктіруге мүмкіндік береді, бұл аудиторияда да, қашықтықтан оқытуда да артықшылықтары бар.
2018 жылдың қазанынан бастап экспериментальды режимде университетте «Химиялық технологияның теориялық негіздері» пәні бойынша электронды оқулық енгізіледі.