Жаңалықтар
Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы бас консулдығы М.Әуезов атындағы ОҚМУ базасында бірқатар мәдени шаралар өткізді
- Қаралды: 461
2018 жылы қыркүйек айының 25-і және 26-шы жұлдызы аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базсында Корея елінің мәдениет күні мерекесіне орай Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Чжон Сынг Мин мырзаның қатысуымен бірқатар мәдени іс-шаралар өтті.
Іс-сапар барысында, Корей Республикасының Консулы Чжон Сынг Мин мырза М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызымен кездесті, кездесу барысында тараптар Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары арасындағы білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Іс-сапар аясында Чжон Сынг Мин мырза «Құқықтану және Халықаралық қатынастар» факультетінің студенттері үшін «Екі ел арасындағы серіктестікті кеңейту жолдары» тақырыбында арнайы лекция өткізді. Дәріс барысында Консул Чжон Сынг Мин екі елдің қалыптасу тарихы, дәстүрлері мен мәдениеті және екі елдің стратегиялық серіктестігі жөнінде әңгіме өрбітті.
Мәдени шараны өткізу барысында K-POP және Самульнори концерті ұйымдастырылды. K-POP - Оңтүстік Кореяда пайда болған музыкалық жанр және Батыс-электропоп, хип-хоп, би музыкасының элементтерін біріктіреді, Самульнори - Корей мәдениетіндегі ең қызықты құбылыстардың бірі, бұл бастапқы соққыларға арналған құралдық ойын - Чангу, Пук, Кквэнгвари, Чин.