Жаңалықтар
«Заманауи оқыту технологиялары»
- Қаралды: 345
Оқу процесінің үздіксіздігі мен білім беру формаларының озық технологияларын қамтуға бағытталған университет оқытушы-профессорлық құрамының біліктілігін арттыру курстары маусым айында да жалғасын тапты.
Маусым айының 4-і мен 22-і аралығында Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі ұйымдастырған жоспарлы «Заманауи оқыту технологиялары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.
Курстың жұмыс оқу бағдарламасы 72 сағатқа арналып, тыңдаушылар контингенті топтар бойынша жасақталған: І топтағы оқу мерзімі 04.06-15.06.2018ж.; ІІ топтың оқу мерзімі 11.06-22.06.2018ж. аралығын қамтиды.
Курстың тақырыптар аясы:
- Заманауи білім беру жүйесі.
- ЖОО интерактивті оқыту әдістемесінің техникасын пайдалану.
- Заманауи технологияларды пайдалану негізінде семинар сабақтарын ұйымдастыру.
- Әртүрлі технологияларды пайдалану негізінде семинар сабақтарын ұйымдастыру.
- ЖОО оқу үдерісінде «Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» технологиясының бірқатар әдістерін пайдалану.
- ЖОО оқытушысының ғылыми-әдістемелік жұмыстары.
- Жаппай ашық онлайн курстарды даярлау үшін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
- Инклюзивті білім беруде оқытудың заманауи технологияларын пайдалану.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз