Студенттік көктем – 2018

Жуырда университетімізде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәстүрлі «Студенттік көктем -2018» байқауы өтті. Оқу орнымыздың 14 факультетінің өнерлі өрендері бақ сынаған айтулы байқауда біздің Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің өнерлі жастары да белсене қатысып, жоғары орындардан көрінді.

Концерттік бағдарламаны 9-шығармашылық тобының тыңдаушылары Метербай Бағашар мен Зәбек Маржан жүргізіп отырса, «Эстрадалық ән» жанры бойынша  сынға түсіп, «Сәлем,Астана!» әнін тамаша орындаған студентіміз Ф.Бахтовты әділ қазылар алқасы бірауыздан бас жүлдеге лайық деп тапты.

Сондай-ақ Ш.Іңірбай, Н.Базарбек, Ж.Күрес, Е.Ертайдың орындауындағы «Ереуіл атқа ер салмай» атты композициясы да көпшіліктің көңілінен шығып, бас жүлдені иеленді. Расында да бізді өнерлі жастарымыздың попури үлгісінде бабалар үнін ұлттық аспаптар арқылы шынайы жеткізе білуі қуантады.

Мұнан бөлек бұл айтулы байқауда факультетіміздің КТК командасы да оқ бойы озық шығып, І-орынды олжалады. Мәнерлеп оқу сайысына түскен Қ.Бауыржанның «Көш жолында» өлеңі де өз тыңдармандарын тауып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.